Home » Жаңалықтар » Жаңа жылдың сиқыры…..

Жаңа жылдың сиқыры…..

Жер бетіндегі әр бір бала Жаңа жыл мерекесінің сиқыры бар екеніне кәміл сенеді. Осы мереке қарсаңында ерекше сезіммен арман-тілектерінің жүзеге асуын тағатсыздана күтеді. Алматы қаласы әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек бүлдіршіндердің қиялы армандарына қанат бітіріп, дәстүрлі Жаңа жыл шыршасын шарлады. Бұл іс-шараға Жетісу ауданы мектептерінің де 110 оқушылары да қатысып, керемет сезімге бөленді. Бүлдіршіндер цирктің жаңа жылдық ертегісін тамашалап, сайқымазақ, әуе акробаттарының, «Аспан» би ұжымының және басқа өнерпаздардың қойылымдарына тәнті болды. Ақылды жануарлардың шынайы қойылымдары мен ертегі кейіпкерлері балаларға көтеріңкі көңіл-күймен шаттық сыйлады.

Жетісу ауданы Білім бөлімі осындай ізгі шараны жүзеге асыруда белсене ат салысып, ауданның барлық оқушыларына Жаңа жылдық шаттықты үлесуді жалғастыруда. Балаларды циркке алып барып келуде көлікпен, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікпен қамтамасыз еткені үшін мектеп оқушылары Жетісу ауданы әкімі М.И. Тәжібаевқа ерекше алғыс білдіруде.

Ауэлбекова Г.У.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.