(Барлық топтарға арналған)
Музыка әуенімен балалар ортаға келеді.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдерме, балалар! Сендер осында не үшін келдіңдер?
Балалардың жауабы:
Жүргізуші: Мүмкін, сендер карнавалға келдіңдер?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Тамаша, олай болса ортаға келіңдер. Барлығымыз бірге ән шырқайық.
«Орманда шырша туыпты» (балалар шеңберде қалады).
Жүргізуші: Керемет балалар, қалай ойлайсыздар, бүгін бізге қонаққа кім келеді?
Балалардың жауабы:
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, біз қонақтарды күткенше, бір өте қызық ойын ойнайық.
Ойын «Шапшаң бол!».
Шарты: Балалар шеңберде тұрады, жүргізуші әрбіріне қар береді, балалар шеңберге тұрып, осы қарды қыс мезгіліне қатысты сөздерді атап бір-біріне береді. Музыка тоқтағанда қар кімнің қолында, сол Жаңа жылды шақырады.
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жыл қонақтары келмей жатыр. Демек, ол біздің қаттырақ шақырғанымызды қалап тұрған шығар. Қане, қаттырақ дауыстап, барлығымыз қол соғайықшы. Балалар: Жаңа жыл, кел, кел, кел! деп қолдарын қаттырақ соғады. Сол кезде ортаға музыка әуенімен залға Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір мен Ит жылы шығады.
Кейіпкерлердің сөздері: «Шырша шамын жағамыз,
Шырша, шырша, шыршамыз,
Шамдарынды жарқырат! (З рет)
Жүргізуші: Аяз ата балалармен бір тамаша ойын ойнашы.
Ойын: «Дене мүшесі».
Шарты: Балалар музыка әуенімен билеп тұрады да, музыка тоқтағанда аталған дене мүшесін ұстауы керек.
Ойын: «Аңдар биі».
Шарты: Балалар атаған аңдардың қимылдарын көрсетіп билеу керек.
Жүргізуші: Тамаша, балалар! Бүгін біздің балабақшаға ерекше әрі ғажайып ертегі қонақтары келді. Қарсы аламыз ба? Олай болса, қонақтарды қарсы алып қатты-қатты қол соғайықшы!
Музыка әуенімен Фьекалар келеді.
Жүргізуші: -Керемет, балалар! Сендер би билегенді ұнатасыңдар ма?
-Иә!
-Олай болса дискотеканы бастайық. Ал, билеуге дайынсыңдар ма ?
Ойын: «Балалар дискотекасы».
Жүргізуші: Өте жақсы, балалар! Сендерге би ұнады ма?
-Иә!
-Енді біз алыс жолдан келген қадірлі қонақтарымызға жылы лебіздерімізді білдіріп, әнге кезек берсек қалай қарайсыңдар?
-Иә, апай! Ән айтайық!
-Керемет!
Ән: « Аппақ, аппақ даламыз»
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақардың сендерге айтары бар екен, тыңдаймыз ба?
-Тыңдаймыз!
Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарын таратып, жақсы тілектер айтып, қоштасады.
Жүргізуші: Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Ұнады.
-Онда осымен сабағымызды аяқтаймыз. Сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін барлығыңа алғысымды айтамын. Сау болыңдар!
АХМАДИЕВА Балжан Болатқалиқызы,
Павлодар қаласы
№33 сәбилер бақшасының
музыка жетекшісі