Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа нені оқытатыны, қалай оқытатыны туралы қайта қаралуда. Біздің елімізде де осы мәселе бойынша соңғы екі жыл ішінде өтіп жатқан мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары осы өзекті мәселелердің шешімін қарастыруда. «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп ғұламаларымыз бекер айтпаса керек. Осы қағиданы ұстанған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдері де «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерінің жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтуде.
Жаңа форматтағы курстар барысында мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты мен мазмұнын түсініп, оған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білу қабілеттерін және критериалды бағалау жүйесін, тиімді оқытудың жолдарын меңгеріп, сабақты жаңаша жоспарлау үлгілерін игеруде. Мұғалімдер оқыту үдерісінде оқушыларына барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тренингтер әзірлеп, саралау жұмыстарын жүргізудің әдістемесін меңгеруде. Теорияны практикамен ұштастыра отырып, ой елегінен өткізіп, жасаған жұмыстарына тренерден және әріптестерінен кері байланыс алу арқылы өз тәжірибелеріндегі олқылықты уақытылы түзетіп, кеңестер алуда.
Оқу мақсаттары әрбір негізгі дағды бойынша ілгерілеуді білдіріп, мұғалімдердің жоспарлауына және бағалауына, оқушылармен олардың алдағы қадамдары туралы ойларымен бөлісуіне мүмкіндік береді. Алайда бұның бәрі мұғалім оқушыға қолдау көрсету нәтижесінде жүзеге асады. Оны курстан өтіп жатқан әр мұғалім саналы түрде ұғынады және оған көз жеткізеді.
Б.Д.Оспанова
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ПҚ БАИ
«Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану
(гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының
аға оқытушысы
Солтүстік Қазақстан облысы