Home » Мақалалар » ЖАҢА БАҒДАРЛАМА – ЖАҢА БАҒЫТ

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА – ЖАҢА БАҒЫТ

                              «Біз жан-жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны
жан-жақты зерттеп білуіміз керек»
К.Д.Ушинский

Қазақстан Республикасының білім беру саласында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» 2016 жылдың қыркүйегінен бастап мектептерге жаппай енгізілді. Бұл бағдарламаның ерекшелігі — білімді спиральді қағидатпен беруінде және сапаға, құзіреттілікке бағытталған, оқыту мен оқуды нақты жүзеге асыратындығында. «Жаңартылған білім беру бағдарламасын» меңгеріп, келешек ұрпақты оқытып – тәрбиелеуде әлемдік білім беру кеңістігіне ену біз үшін, яғни бастауыш сынып мұғалімдері үшін жаңа леп, тың серпіліс болды. «Қазақстан – 2050» стратегиясы Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған реформасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының атқарып жатқан ісі орасан зор. Осы реформаның аясында бастауыш сыныптарға білім беру бағдарламасы да қамтылмақ. Бұл оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, проблемаларды шешу, ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет.

Алматы облысы Қарасай ауданы бастауыш сынып ұстаздары да осы жаңа тың серпіліске ілесіп кетті. Қазіргі уақытта Қарасай ауданында Алтын ауыл орта мектебінде 30.01 -17.02.2017 жыл аралығында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілінде оқытатын бастауыш сыныптарда мұғалімдердің біліктілігін арттыру» курсында ауданымыздың барлық мектептерінен 31 мұғалім жаңартылған білім бағдарламасын меңгеріп, білімдерін жетілдіруде.

Заманауи технологияны меңгеріп, мұғалім де, оқушы да зерттеуші, ізденуші топ болып «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауының міндеттерін іске асыруда. Заман талабына сай курстың бізге берері мол, кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, біліктілігімізді, функционалдық сауаттылығымызды арттырудамыз.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым –қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасау, қысқа мерзімді жоспар құру, әр пән бойынша ықшам сабақтар жүргізіп  және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді курс барысында өтіп жатырмыз. Бұл курста өткен әрбір күніміз біз үшін өте мәнді және мағыналы.

Біздің мақсатымыз — жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша білім құндылықтарын келешек ұрпағымыздың бойына сіңіру, бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу.

Тренеріміз Шолпанкулова Ания Абыйровна ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін жетекші. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып, алғашқы күннен-ақ бізге жаңартылған бағдарлама бойынша тың мағлұматтар беріп, ой бөлісті. Біз, 15 күн көлемінде жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, көптеген оқу стратегияларын, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерін, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білудің егжей-тегжейін үйрендік.

Ания Абыйровнаға өзінің алға қойылған мақсаттары орындалып, шығармашылық табыстарға жете беруіңе тілектеспіз.

Ерінбей еңбек етіп, талмай қазақтың болашақ ұрпағы үшін өмір сүретін ұстаздар қауымы тек алға баса берейік.

 

                                                                      Бейспаева Айнаш Бейбиталиевна,

                                                             «Жармұхамбет орта мектебі» КММ 
                  бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.