Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі мәселесі – заман талабына сай білім сапасын жақсарту және өскелең ұрпақтың маңызды қажеттіліктеріне лайықты білім жүйесінің барлық компоненттерімен қамтамасыздандыру. 2017 жылдың 25 қыркүйектен 6-қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт аясында ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасы білім беру жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың ендіру жағдайында бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында курс өтті. Бұл өткізілген курстардың басты мақсаты – білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар, жаңашыл бастамалар жайында ұстаздарға мәлімет беру. Аталмыш курс бастауыш білім беру сатысындағы пәндерді оқытуда қолданатын тиімді жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерту, сапалы білім беруге дағдыландыру, оқытудың интербелсенді әдістерін пайдалану арқылы мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашты. Курстың бағдарламасы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы ұлттық білім берудің бірегей жүйесін жасау міндеттері, Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген бағдарламаны негізге ала отырып жасалды.
Педагогтардың білімін жетілдіру үрдісінде Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушылар Г.М. Сагындыкова, А.Е. Айембаева, А.Б.Абдраимова, С.С. Ғалиев тыңдаушылардың шығармашылық еңбегін ұйымдастыруға ерекше мән беріп, инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып проблемалық тақырыптарда дәрістер, тренингтер, ғылыми жобаларды қорғау, өздік жұмыстарды және конференция, дөңгелек үстелдер, семинарларды жоғары деңгейде ұйымдастыра отырып өткізді. Педагогтарды қолдау мақсатында интерактивті тақтаны, компьютерді меңгеру сабақтары, әдістемелік нұсқаулықтар мен кейінгі шыққан құжаттармен таныстыру жұмыстар жүргізілді. Түйіндеп айтқанда, бұл курс аз уақыттың ішінде өз нәтижесін берді деп сеніммен айта аламын. Өйткені, мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, білімдерін жетілдірді.
Курстан алған әсеріміз өте көп. Біз үшін 20 күн көзді ашып-жұмғандай тез өтті. Осы ретте қазақтың «Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп білгеннен сұра» деген жақсы бір сөзі ойыма оралып отыр. Біздің білімге деген ықыласымызды оятып, дәріс берген тренеріміз Сагындыкова Гүлдана Мырзабекқызына және Айембаева Аяжан Ешимбайқызына алғысымыз шексіз. Көңіл қойып, ой түйетін маңызды сәттер ерекше: шиыршықты оқытудың мазмұны, жаңа бағдарлама бойынша әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастыру, аудармасыз оқытудың тәсілдері, төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқып үйренген тренингтер біздің педагогикалық білімімізді тереңдете түсті. Білім алудан еш жалықпадық. Өзге ұлттың баласы неге қазақ тілін білмейді деген сауалдың жауабын ұстазымыздың «Мұғалім өзіне де, оқушыға да талап қоя білгенде ғана білімде сапа болады», — деген пікірінен тапқандаймыз….
Жаңа оқу жылынан басталатын 12 жылдық білім беру мазмұнында ұстаздарға артылар жүктің ауыр екендігін сезініп қайтқалы отырмыз.
Ахметова Ляззат Рахимовна
Көкшетау қаласы, М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде
оқытатын кәсіби мектеп-мектеп гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Алибекова Арайлым Бейбитовна,
№21 орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі