Павлодар қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында 23 қазан және 23 қараша аралығында деңгейлік бағдарлама бойынша арнайы дәрістер өткізілуде. Оған: №2 ЖОББМ атынан мен де қатыстым.
Мұндағы негізгі мақсат: сабақтарда 7 модульді енгізу. Бұған дейін аталған әдісті сабағыма қолдана алмап едім, енді еш қиындық-кедергісіз жүзеге асыра алатыныма сенімдімін. Себебі, жаңа бағдарламаның модульдерін сабақ мақсатына қарай қолданар болсақ, оқушылардың ойлау қабілеттері мен өз ойын жеткізе білу дағдыларының барынша арта түсері сөзсіз. Мен бұны жаңартылған бағдарламалар бойынша өткізілген бірнеше ашық сабақтар мен дәрістерге қатысқаннан кейін барып байқадым.
Қорыта келгенде, әр ұстаздың білім берудегі мақсаты мен әдіс-тәсілдері сан қырлылығымен ерекшеленіп тұрғаны жақсы. Ол көрнекі құралдар, қима қағаздар, түрлі сызбалар, ауызша, жазбаша тапсырмалар және тағы басқаларын қолдануы мүмкін. Бастысы, сабақ мақсатына жетуі тиіс. Мен оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу дегенді оқушылардың оқу барысында өздері қабылдап алған білімдеріне сыни тұрғыдан қарап, ой қорыта білуіне мүмкіндік беру, белсенділік дағдыларын қалыптастыру деп ойлаймын.
Еркасова Алия Шаймуратовна,
№2 ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі,
Павлодар қаласы