Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым — қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі, оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырып, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік алып, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»-делінген. Осы міндеттерді орындауда Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени жаңартулар мектептік пән ретінде ағылшын тілінің пайдалану өрісін біршама кеңейтуде. Педагогикалық шеберлік орталығында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату мақсатында бір айлық Қарағанды облысының әр өңірінің ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу курсы өтті. Отыз мұғалімнің қатысуымен өткен бұл оқуда көп нәрсені үйреніп, білім беру мен тәрбиелеуде, алға қойған мақсатымызға жетуде улкен ізденістерге жол аштық. Тренер-оқытушы Байжігітова Төлеубике Рымханқызының ұйымдастыруымен өтіп жатқан білім берудің жаңа мазмұнында оқыту бойынша дәріс-тренингтерін тыңдап, оқу стратегияларымен, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерімен, оқушылардың алған білімдерін білім беру барысында қолдана білудің жаңа қырларымен танысып, көптеген қызықты сәттерді басымыздан өткердік. Бала жүрегіне жол табу қашанда педагог-мұғалімдердің өмірлік қағидасы болып қалыптасқан. Қазақстанның болашағын қалыптастыруды өздеріне міндет етіп алған жаңашыл мұғалім қашанда ізденіс үстінде. Алайда қазіргі уақыт талабына сай жасалып жатқан білім беру мазмұнының жаңа әдіс-тәсілдері жаңашыл мұғалімдердің назарынан тыс қалмай үнемі еңбек жолында қолданылып келеді. Мұғалімдердің күнделікті оқу курсына қызығушылықпен қатысуы оқытушының да шеберлігін айқындайды. Өзінің мамандығымен ұлттық болмысына туа біткен дарындылығымен оқыта білетін оқытушының оқушыларына берері мол, әрі қызықты, пайдалы. Күнделікті сабағына бар ыждахаттылығымен дайындалып, әзірленіп келетін Т.Рымханқызының әрбір оқыту тәсілінен оқытушылары да үйреніп алуға тырысып жататын. Шиыршықты оқытудың мазмұны, жаңа бағдарлама бойынша әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастыру, аудармасыз оқытудың тәсілдері, сонымен қатар төрт дағды яғни, айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, оқып үйренген тренингтер біздің педагогикалық білімімізді толықтыра түсті.Оқу бағдарламасын меңгеруде Блум таксономиясы әдісімен таныстық. Бұл оқыту әдісінің қазіргі білім беру дағдысында кеңінен қолданылып келеді. Блум таксономиясы білім беру нәтижесін бағалауда қолданылады.Қазіргі таңда кез-келген академиялық деңгейде қолдануға болатын оқыту нәтижесін бағалаудың жақсы құралдарының бірі (қолдану, түсіндіру, талдау ,бағалау синтездеу).Бағалауға дайындалу кезінде көбіне интеллектуалдық нәтижелерді күнделікті дағдылардың негізінде құрылған нәтижелерді үйлестірген пайдалы.Сонда ғана бағалау бірнеше нәтижелердің жетістіктерін бақылайды.Блум таксономиясын түсінуді бақылау мақсатында бізге бесінші сынып оқушыларының білім деңгейіне байланысты тапсырма(Таsk) берілді.Біз алты бөлімнен (Level)тұратын тапсырманы бере отырып ,оқушының қаншалықты тақырыпты,немесе бөлімді меңгергендігін бақылай аламыз,және өзімізге рефлексия жасай аламыз.Блум таксономиясын пайдаланатын әр мұғалім өзінің білім деңгейімен, оқушының білім сапасына қашанда жоғары баға бере алады.Сонымен қатар,маңызды және ауқымды қызметтерді жүзеге асыру мұғалімнің кәсіби деңгейінің жоғары болуын талап етеді,ал заманауи ұстазға тән қасиеттердің бірі оның кәсіби рефлексия жасай білуді меңгеруі болып табылады.Мұғалім қызметіндегі рефлексияның маңызы зор.Мұғалімнің өзінің кәсіби қызметін рефлексиялық тұрғыдан қарастыруының қажеттілігі педагог мамандардың сан қырлылығын айқындайтын көптеген факторларға байланысты,қарапайым тілмен айтқанда рефлексияны»өзімен –өзі кеңесу» деп атауға болады. Рефлексиямен Блум таксономиясының әдіс-тәсілдері бір- бірімен сабақтас әрі ұқсас.Ұқсастығы-оқушылардың қол жеткізген нәтижелерін дұрыс тұжырымдауға,жүргізілетін жұмыстардың мақсатын нақты белгілеуге, одан кейінгі іс-әрекеттерін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.Әдістемелік тәсілдердің негізгі мақсаты-мұғалімдердің өзіне сырт көзбен қарай отырып,даму қабілетін дамытып,кәсіби іс-әрекеттеріне рефлексиялық тұрғыдан сыни көзқараспен қарап, белсенді талдау жасай білуін қалыптастыру болып табылады.Осы мақаланы жазып отырып, атақты педагог К.Д.Ушинскийдің сөзі ойыма оралды: “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады”. Осындай ұлы сөздің астарында әрбір мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен өз мамандығына деген сүйіспеншілігі жатыр. Б.Төлеубике Рымханқызының оқытудағы шеберлігінен біз де үлгі ала отырып, талапты ізденімпаз, жаңашыл ұстаз болуға талаптанып, үлкен мақсаттарға жол аштық.
Мақаланы Ә.Тәжібаевтың “Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан-тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек ‘”-деген сөзімен аяқтауды жөн көрдік.
К.М.Абдигалимова
О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ(РО) мектебі
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Б.С.Абекова
Б.Амалбеков атындағы орта мектебі
ағылшын тілі пәні мұғалімі