Қазіргі білім беру жүйесі күннен-күнге өзгертіліп, жаңа бағытқа ие болып отырғаны мәлім. 2017 жылы шілде айында мұғалім кадрлары 5-7 сынып бойынша жаңа бағдарламалар курсынан өтті. Қостанай облысының түкпір-түкпірнен жиналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері осы жаңартылған білім бойынша дәріс алып, біліктілігін арттырып отыр. Жаңа бағдарламаны меңгеру арқылы оқушылардың білім алуын жаңа сатыға көтеріп, дәріс беруді одан әрі қызықты ете түсуге талпынысы артады.
ҚР орта білім мазмұны жаңарту аясында педагог кадрлардың біліктілін жетілдіріп, жаңаша білім беру жолдары көрсетіліп отыр. Жаңартылған бағдарлама бойынша ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың 2014 ж 17 қаңтардағы жолдауындағы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бағдарламаға енгізілген.
Мәңгілік Ел идеясы жалпы құндылықтарды қамтиды. Мәңгілік Ел — ол біз үшін ортақ тағдыр, ортақ болашақ, оқушыға, ата-анаға тиімді түсінікті білім жүйесі. Оқушы білім алу барысында тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тілдік норма жүйесінде ойын ашық, жан-жақты даму жолдары қарастырылған. Педагогтар осы курста біліктілігін арттыруда, жаңартылған бағдарлама бойынша оқушыны дамыту жолдарына көз жеткізді.
Бұл курстың мақсаты да қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жаңаша оқытып, тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын оқушы бойына қалыптастыру болып отыр. Сонымен қатар, жаңа білім мазмұнын жаңартуда критериалды бағалау жүйесінің маңызын да оқып-білдік деп айта кетуге болады.
Кушкумбаева Аймкуль Ақатқызы,
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Қостанай облысы, Қарабалық ауданы