Home » Жаңалықтар » ЖАҢА БАСТАМА, ЖАҢАША ӨЗГЕРІСТЕР…

ЖАҢА БАСТАМА, ЖАҢАША ӨЗГЕРІСТЕР…

27-%d0%bc%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%b4%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%b0-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%8f%d0%bc-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Алматы облысы бойынша ПҚБАИ
Басқару және білім сапасы
кафедрасының аға оқытушысы
Мухамадиева Мариямбуви Нариманқызы

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Осы тұрғыдан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауының Он жетінші бағытында — Халықаралық стандарттарға орай бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесіне өзгеріс енгізу туралы: біріншіден «Біз  бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы  білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек».

Екіншіден, «Оқытудың тиімділігін, әр оқушының білім мен білігі деңгейін көтерудің бірыңғай тиімді жүйесін жасау керек» — деп білім саласындағы стратегиялық бағытын  айқын көрсеткен еді. Осы бағытта «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында  қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Бағдарламаның мақсаты: «Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру». Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді.

Бүгінгі таңда мемлекетіміздегі барлық жалпы білім беретін мектептерге де енгізілгені  көңілді қуантады. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарынан парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған тыңдаушылар оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткізді.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялды бағалау жүйесіне өтті. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Сондықтан да әрбір ұстаздың психологиядан, педагогикадан, әдістемеден терең білімі болуы

керек. Оқушының білім сапасын арттыру үшін, сабақты тиімді оқыту үшін, мұғалімнің шығармашылық ізденісін жетілдіру үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлардың алатын орны ерекше.

Сындарлы оқыту теориясына негізделген бұл оқу үрдісі – теориялық білімді тәжірибеде қолданудың ерекше үлгісі. 2016-2017 оқу жылына дейін тек зияткерлік мектептер желісінде ғана қолданысқа ие болып отырған жаңартылған бағдарламаның республика көлемінде жалпы білім беретін мектептерге  де енгізілуі болашаққа даңғыл жол ашты. Дегенмен жаңашылдықты жалпыға насихаттай беру білім мен тәрбиенің сапасын жақсарта берері анық.

Қазіргі заманда өзгеріссіз қалу өте қауіпті. Мына әлемде тек қана қозғаушы күш- мұғалімдер. Мұғалім тарыдай болып кірген баладан таудай талабы бар тұлғаны шығарғанын ұмытпауы керек. Мұғалімнің ұстаз болып қалуы да оның білімі мен біліктілігіне байланысты. Мектеп адамнан адам көру үшін жұмыс жасайды, ал адамды шығаратын – мұғалім, үнемі өзгеріп отыру арқылы өзгені өзгерте білетін ұстаз. Демек, адамды өзгерттіңіз, сіз де өзгердіңіз. Оларға жай ғана білім қажет емес, олар өздерін өзгертетін білімді күтеді. Еліміздің мәртебесін асқақтататын тұлға тәрбиелеп шығару үшін мұғалім алдымен өзі өзгеруі керек.

Шоқан Уәлиханов: Дамуды және мәдени өрлеуді мақсат еткен әрбір халықтың көздегені еуропалық, жалпыхалықтық білімді игеріп, соған көз жеткізу жолында кездесетін барлық кедергілермен үздіксіз күресу болуға тиіс-деп айтқандай  ұстаздар үшін қандай қиындықтар туындаса да соны жеңе біліп, білімді ұрпақ тәрбиелеуге ат салысуымыз ұстаздың басты міндеттерінің бірі. Қазақтың ақыны Ахмет Байтұрсыновтың «Мұғалім әрқашан ізденісте болғанда ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деген сөзімен ойымды аяқтағым келеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.