ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі. Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновация экономиканың негізгі бөлігі болып табылады.
Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда[3,6]. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Бүгінде мұғалімдердің жаңартылған бағдарламамен жұмыс істеуі оқушыларға білім беру барысында қаншама өзгерістер мен ерекшеліктер алып келді. Жаңартылған бағдарлама негізінде оқыту барысында бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілігі жоғары деңгейде қалыптасқан, өзіне және өзгелерге құрметпен қарай алатын, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас құратын, еңбек пен шығармашылықта өз мүмкіндігін толығымен жүзеге асыра алатын, ашықтықты бойына сіңірген қоғам азаматы өсіп шығады деген ойдамыз. Әрине, мұндай азаматтар болашақ қоғамға өзіндік үлесін қосады.
Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.
Ендеше, бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану, адам және қоғам, технология және өнер, денешынықтыру сынды білім салалары аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде күтілетін нәтижелерді көре отырып, меңгеруге талаптанады. Білім сапасын анықтау құралдары ретінде оқуға ынталандыратын және оқушының жеке даму траекториясын белгілеуге мүмкіндік беретін формативті бағалау мен мектепішілік суммативті бағалау түрлерімен белгіленді. Стандарттың осы бөліктері өз оқуын өз бетімен құруға қабілетті, өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды көздейді.
Осы тұрғыда мұғалімдердің оқыту әдістерін, білім беру технологияларын таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру-мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты. Деңгейлеп оқыту технологиялары баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин тағы басқа ғалымдар осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған. Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы оқушылардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы-әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім берушілердің (Эрик Рустем, Сьюзон Шуман) бірлескен еңбегі; Бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л. Выготский, теорияларын басшылыққа алған. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен түзеледі.
Қазіргі білім беру жүйесінде білім беру технологияларын енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныпқа арналған «Жаратылыстану», гуманитарлық-қоғамдық пәндерінің негіздерін оқытуда «Дүниетану» және тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Тағы бір жаңалық, бастауыш мектептің 3-4 сыныптарында оқушыларға ақпаратты іздеу, талдау және тасымалдау дағдыларын үйрету мақсатында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылатын болады. Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.
Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану, адам және қоғам, технология және өнер, денешынықтыру сынды білім салалары аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде күтілетін нәтижелерді көре отырып, меңгеруге талаптанады. Білім сапасын анықтау құралдары ретінде оқуға ынталандыратын және оқушының жеке даму траекториясын белгілеуге мүмкіндік беретін формативті бағалау мен мектепішілік суммативті бағалау түрлерімен белгіленді. Стандарттың осы бөліктері өз оқуын өз бетімен құруға қабілетті, өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды көздейді.
Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін меңгерту. Мектепте жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары қарастырылды.
Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді. Ендеше, бүгінгі таңда бастауыш сыныпта жұмыс істейтін ұстаздарымыздың жаңартылған бағдарламаға сәйкес білім беруге өздерін дайындап, оқушыларға осы бағытта ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс істеулері бүгінгі күннің басты мақсаты болмақ.
Асемжанова Зейнеп Зикрияновна
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының «Басқару және білім сапасы»
кафедрасының аға оқытушысы
Алматы қаласы