Home » Мақалалар » Жаңашыл ұстаз — өмір талабы

Жаңашыл ұстаз — өмір талабы

Ұстаздық бүкіл әлемдегі мамандықтардың анасы. Ол бізді ғажайып білім әлемінің тұңғиығына апарады, сол әлемнен біз өзімізге рухани күш аламыз.Білім сапасының заман талабына сай берілуі, жас мемлекетіміздің өзге өркениетті елдер деңгейіне жеткізу үшін білім сапасын көтеріп, білім беру ісін дамыту арқылы еліміздің жарқын болашағын жасай алатын, білімді де білікті жас ұрпақ тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті. Дайын білім беруге негізделген дәстүрлі сабақ оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен сіңісе алмайды.

Оқытудың жaңa педaгогикaлық технологиялaрын caбaққa ендіру бүгінгі тaңдa әрбір ұcтaздың бacты мaқcaты болуы керек. Cебебі, елімізге зaмaн тaлaбынa caй қaлыптaн тыc ойлaй aлaтын, шұғыл шешімдер қaбылдaй білетін, белcенді, шығaрмaшыл aзaмaттaр қaжет. Caбaқтa тек білімділік мaқcaттaрды шешіп қоймaй, бaлaлaрдың жекелік қacиеттерін, қaбілеттерін дaмытудың жолдaрын қaрacтырудa дәcтүрлі оқыту мен дaмытa оқытудың aйырмaшылығын caлыcтыру кеcтеcі aрқылы көрcетуге болaды. Мұғaлім бұл жүйемен жұмыc жacaғaндa, үнемі оқушы caнacындa  болып жaтқaн өзгеріcтерді бaқылaп, оның дaмуын жaн-жaқты зерттей отырып, өз caбaқтaрын cоғaн caй өзгертіп отыруы тиіc. Бaлaлaрды диaлог  пен дәйектер, тaлқылaуғa тaрту белcенді жүргізілген жaғдaйдa олaрдың оқуы тиімдірек және зиятты жетіcтіктері жоғaры болaтынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түcуде. Бағдарламада көрсетілген модульдердің арқасында оқушыларымның жаңа әдіс – тәсілдерді пайдаланғаннан соң сабаққа деген қызығушылықтары мен  белсенділіктері де  артқаны сезілді. Және де айта кететін болсақ сыныптағы жалпы оқушыларым толығымен сабағымда қамтылғаны байқадым. Әр әдіс-тәсілдер баланың қиялы мен ойлауына негізделген. Балалардың тереңнің тереңінде жатқан ойларын дамытады. Балаларды сөйлеуге, талдауға, дәлелдеуге үйретеді. Балалар топтық жұмыс барысында бір – бірлерімен сыйластықта болады. Жaңа әдіс–тәсілдерді oқу прoцесінде өне бoйы қoлдaнaтын бoлсaқ біз келер ұрпaқтaрымызды oйлaры ұшқыр, шығармaшыл етіп тәрбиелейміз деп oйлаймын.

Ұстаз білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді, ал  сабақ сапасын арттыру — барлық мұғалімдерді толғандыратын мәселе. Адамның жаны тек біліммен ғана ізгіленеді. Ал ізгіленген білім жаныңды байытады, айналаңа көзқарасыңды өзгертеді. Оқу жұмысындағы мақсаттар мен міндеттерге сай оқушыны өз бетінше жұмысын жоспарлауы, уақытты тиімді пайдалануы, бағалауы, өзін өзі басқаруының маңызы өте зор.  Егер бұрын мұғалімнің басты мақсаты оқушыға жүйеленіп, дайын материалды, ақпаратты жеткізу болса, қазіргі уақытта мұғалімнің де, оқушының да рөлі өзгерді. Бүгінгі мақсат оқушыға дайын ақпарат беру ғана емес, оқушылардың  өздігінен  оқып  үйренуін, өзіне  қажетті  білімді табуы және оны ұтымды пайдалануы  арқылы  оқушы  қалай оқу керектігін үйренеді. Оқытушының міндеті – баланың іс – әрекетін ұйымдастыруы, ақпараттарды жүйелеуі, бұларды қабылдауға жағдайын жасауы, балаға бағыт – бағдар беруі. Мен  әрқашанда оқушыларымның  білімді, жігерлі, намысшыл, отаншыл, жалын  жүректі, биік  рухты, өз  халқына  адал, патриоттық сезімдегі ұрпақтар  болатынына, мәңгілікке   еліміздің  көк  туын  желбірете  отырып, бүкіл  әлемге  Қазақстанды  бар  жағынан   паш   етеді  деп  сенемін. Осындай ұрпақ  тәрбиелеуде  осы  сындарлы  оқытудың  барлық  әдіс-  тәсілдерін  өз  сабақтарымда  жүйелі  түрде  қолданатын  боламын.

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай  Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.

Жаңа бағдарламаларды  оқытуда қалай оқу керектігін оқытуға мән беру керек екен. Джин Раддоктың «Оқушы үні» жобасын негізге ала отырып, жауап ұсынады. Ондағы мақсат оқушының оқу мен оқыту туралы  «үнін»  тыңдау,пікірін ескеру,оқушыларды тең ұстау. Бұл жобада сабаққа жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,7 модульді кіріктіріп өтуі тиіс. Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолданғанада ғана сабақ тиімді өтеді және оқушылардың тез естерінде қалады. Сонда ғана бала білімді жаттанды емес, түсінікті түрде алады. Алған білімдерін керекті жерде пайдалана алады.

Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

Бақытқызы Индира
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Ш.Қодаманов ауылы,
«Ақбота» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.