Home » Мақалалар » Жаңашыл ұстаз

Жаңашыл ұстаз

Жаңадан мектеп табалдырығын жасқана, имене аттаған бүлдіршіндермен біздің ұстаздарымыздың жұмыс жүргізгеніне де бір оқу жылы аяқталуға

жақын уақыт қалды. Әрине оларға жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жасау оңайға түскен жоқ. Бұл бағдарламамен жұмыс жүргізудегі

мақсат оқушыларды жан-жақты білім алуға, келешекте басқа да мемлекеттермен терезесі тең ел болу үшін білімді, білікті, саналы азамат тәрбиелеу болатын.

Осы мақсатта ұстаздар да өз білімдерін жетілдіруде. Ұстаздардың ерекше мән беретіні алдындағы баланың көңіл-күйі, баланың ойын шектемеу, өз ойын еркін жеткізе білуге мүмкіндік беріп, болашақта білімді, білікті, өз елінің патриоты болуға, өзіне деген сенімділігін арттыруға үйрету. Осы бағытта үш тілді меңгертуде ұстаздардың атқаратын еңбегі зор. Оқушылар топпен, жұппен жұмыс істеу барысында бір-бірін тыңдай білуді, құрметтеуді үйренді.

Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру мен сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Қиыншылығы мен қызықшылығы мол жұмыстарыңызда ешқашан шаршамаңыздар, құрметті ұстаздар!

Шыртиева Шолпан, Ахмедова Марғуба,

Дүйсенбаева Ардақ, Сәт Гүлнар

№56 жалпы орта мектептің ұстаздары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.