Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі-математика.
12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік,экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген,сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдында тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы,қоғамдағы,ұжымдағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті,іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру,оқу материалдарын сараптау,талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.
Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін-мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жақсылық пен адамгершілікке,өнегелі рухани борышқа толы.
Мұғалімнің мақсаты-оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отрып, оқушыға жалпы білім деңгейінде терең білім беру.
Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу-әр мұғалімнің негізгі міндеті. Математика-ерекше құдіретті ғылым.
Қазіргі заман-математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі.Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.
Математиканы оқытудағы негізгі талап-оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім,шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозағау салып,шәкірттердің құзіреттілігін дамытуға әсер етеді.Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.
Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасай дағдыларын дамыту — баға жетпес құндылықтардың бірі.Жаттығуларды өз бетінше тексеріп,қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін.
Математика сабағында сыни тұрғыдан әр түрлі стратегияларды,жаңа ақпараттық технологияларды,(интерактивті тақтаны) қолдана отырып,өз бетінше жұмыс істеу факторы–есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып,оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Әбілдаева Гүлжанат,
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ш.Қодаманов ауылы
«№158 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәні мұғалімі