Жаңаша оқыту жағдайында дарынды балалармен жұмыс түрі
Дарынды балалармен жұмыс түрлері білімді игеріп қана қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілеттерін, ойлауын, тіл шеберлігін, алған білімдерін өмірде пайдалана білуін, төзімділігін, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамытады
Дарынды да талантты балаларды анықтайтын сенімді өлшемдер:
- Есте сақтау және білім
(есте сақтау қабілеттері жоғары, ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады);
2. Мәселені шешу
(ақпаратты толықтырып, мәніне тез жетеді);
3. Күрделілікке деген сүйіспеншілік
(қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады)
4. Икемділік
(ойлау қабілеттері тез, проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдайды);
5. Икемділік
(ойлау қабілеттері тез, проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдайды);
6. Өз білімін жетілдіру (оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады);
7. Ойлау қабілетінің жылдамдығы
(жоспарлауға көп уақыт жұмсайды, бірақ оны орындауға тез жетеді);
8. Шоғырлану және ерте символдық белгілер
(ерте жастан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар, олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды. (Freeman, 1998)
Дарынды балалармен жұмыс істеу үлгісі: /4 кезеңнен тұрады /
І. Дайындық кезеңі, 6-сыныпта
Дарынды балаларды анықтау: сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, үйірмелерде.
Сабақтарда
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлау, эссе жазу, Венн диаграммасы, “кубизм”, бес жолды өлең, топтастыру, т.б. Зертханалық жұмыстар оқушының өзіндік жұмысы ретінде.
Сабақтан тыс жұмыстарда
Мектептің оқу тәжірибе үлескісінде тіршілік үшін күресті және мәдени өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына дамуын бақылау.
ІІ. Шығармашылық кезеңі, 7-8 сыныпта
Қабілетті оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу: сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, пәндік апталықтар, мектепішілік олимпиадалар, факультатив сабақтар, экологиялық конференциялар және үйірмелерде.
Пәндік апталықтар
Өз білімдерін толықтырады, білімдерін пайдаланады.
Ғылыми конференциялар, байқаулар
Ғылыми ізденіс
Бақылау, салыстыру, анықтау, зерттеу
Мектепішілік, аудандық олимпиадалар
Білімді насихаттау, қызығуын дамыту, өз бетімен жеке жұмыс жасау
Факультативтер мен үйірмелерде
ІІІ. Дамыту кезеңі, 9-сынып
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін және зерттеу қабілеттерін қалыптастыру: сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, үйірмелерде, пәндік апталықтар, мектепішілік және аудандық олимпиадалар, экологиялық конференциялар, факультатив сабақтар /оқушылардың ғылыми қоғамы/, рефераттар мен ғылыми зерттеу жобаларын қорғау.
ОҒҚ (оқушылардың ғылыми қоғамы)
Теория мен практиканы байланыстыру,
сызбалар, графиктер, табиғи материалдармен жұмыс
Ғылыми рефераттар
Қосымша әдебиеттермен жұмыс, баяндама жасау, дәлелдеу.
ІҮ. Зерттеу кезеңі, 10-11 сыныпта
Білімдерін қолдану: сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, пәндік апталықтарда, факультатив сабақтар, ОҒҚ, ғылыми жобаларды қорғау.
Блум таксономиясы бойынша мұғалімнің жеке іс-әрекеті:
Білу 6-сыныпта
Түсіну, қолдану 7-8 сыныпта
Талдау 9-сынып
Жинақтау, бағалау 10-11 сыныпта
Зерттеу жұмыстарын жүргізу (рефлексия), нәтижесін шығару, жұмысты қорғау (аудан, облыс, республика көлемінде)
Кезеңдерді жүзеге асыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
- Миға шабуыл;
- Қосымша дерек көздерді пайдалану;
- Үйірме «Жасыл әлем»;
- Білімдерін табиғат құбылыстарымен байланыстыру;
- Минизерттеулер жүргізу;
- Табиғаттан бақылағандарына түсінік беру;
- Жекелеген жұмыстар орындау;
- Экологиялық зерттеулер;
- Зерттеулерін модельдеу, үлгі жасау, жоба құру;
- Жұмысына презентация жасау, т.б.
Қосымша білім беру
- Үйірмелер мен факультативтер
Мақсаты мен міндеттері:
- Балалардың зияткерлік, ойлау, есте сақтау, бақылау қасиеттерін дамыту;
- Қорытынды жасауға, пікір айтуға, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету.
- Білімдерін шығармашылық түрде пайдалануға үйрету.
- Коммуникативті бағытта білім беру;
- Шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- Танымдылық қасиеттерін дамыту;
- Білім мен тәжірибені ұштастыруға үйрету. Қорыта айтатын болсақ, осындай жұмыс түрлерінің нәтижесінде оқушы белгілі бір ғылым саласына бейімделіп, келешек өз мамандығын таңдай алады.
Естаева Кульшат Таурбековна
Қазақ орта мектебі
биология пәні мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы