Home » Мақалалар » ЖАҢАРУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

ЖАҢАРУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

                                                                                                                                                          Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен
биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
(Н.Ә. Назарбаев)

Болашақ ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде олардың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін қоғамды ілгері жетелейтін күш – білім. Адамзат қоғамның өсіп – жетілуі, ғылым мен техникалық дамуы, еліміздің өркениетті ең алдынғы қатарлы елдер қатарына енуі оның білім беру жүйесінің даму әрекеттері мен тығыз байланысты. Отанымыз елу елдің қатарына кіруді мақсат етіп отырған кезде білім берудің құрылымын, технологиясын айқындап озық тәжрибелермен технологияларды пайдалану әр бір педагог мамандың бұлжымас қағидаты болуы тиіс.
Білім саласындағы өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілік талап етеді. Ұлы педагог Константин  Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды ізденуді тоқтатқанда оның  мұғалімдігі жойылады » — деген. Осы сөзді ұстаным тұтатын ұстаздар заман талабына сай білім беру мақсатында деңгейлік курстарда мектептегі,, Тәжрибедегі рефлексия ,,сабақтарында өз білімдерін жетілдіруде. Уақыт талабына үйлесу үшін мен де осы курста оқып, білімімді шыңдадым. Оқыған үйренгендерімді іс – тәжрибеде қолдана бастадым. Курста  оқу кезінде шәкірт оқытуға деген көз қарастарым өзгерді. Бұрын мектеп оқушыларына тек тақырып түсіндірсем, ағылшын тіліндегі сөздерді жаттатсам, сөйлем құрастыруды үйретсем деген мақсат қоятынмын. Ағымдағы  бағдарламадан соң мұғалім ретінде басқаша пайымдайтын болдым. Ендігі жерде білімнің қажеттілігіне оқушылардың көздерін жеткізіп, өздігінен білім алуға бағыттасам деген мақсат қойып отырмын. Осы мақсаттардың барлығы білім беру мен тәрбие сапасын көтеруге, әсіресе ағылшын тілі пәнін оқытудың ғылыми деңгейін жоғарлатуды талап етеді. Деңгейдің  жоғарылатудың бір түрі мектеп тәжрибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту және соның барысында сыни тұрғысынан ойлауға дағдыландыру болып табылады. Жеті модульдің бірі «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» болғандықтан мен өз тәжірибемде «Сыни тапсырмаларды қолдана отырып, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру тұралы зерттеулер жүргізуді жоспарладым. Себебі сын тұрғысынан ойлау  — білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын педагогикалық түсінік. Бұл модул оқушылардың да мұғалімнің сын тұрғысынан ойлауды дамытуды, сапалы және оймен қабылдауын көздейді. Бұл модуль шеңберінде біз, ,сонымен қатар, әлеуметтік сындарлы тәсілдерді оқытуды даму үшін тиімді бағалау  және түрлі жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілін қолдануды қарастырамыз. Сын тұрғысынан ойлауды әдетте білім берудің кейінгі кезеңдерімен, орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғарғы оқу орындарында оқушылармен байланыстырады.
Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін  кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында, білім берудің ерте кезеңінен  дамытуға болады.
Өзім жоспарлаған зерттеу сабақтарымды мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілерімен кездесе отырып, олардың кеңестеріне қарай, 5 –«Б» сыныбында өткізуді жоспарладым. Осы сыныпта балалармен «биопоема» сауалнама жүргізіп төмендегі сұрақ – сауалнама жүргіздім. Осы сұрақтар арқылы балалардың неге қызығатынын ,олардың білім деңгейін анықтадым.    Олардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығы жоғары, тек оларға оқылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру үшін көмек қажеттілігін  біліп алдым.
Осы сыныпта сабақ беретін әріптестерім мен А,В,С деңгейдегі оқушыларды анықтап алдым. Сонымен  менде білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдердің қай түрі тиімді, өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалай қалыптастыра аламын деген ой болды.Сондықтан мен өз сабақтарымды жоспарлау кезінде балаға не қажет, не тиімді, не көңілді болатынын, және  олардың  сын тұрғысынан ойлауға жетелейтін  әдіс – тәсілдерді тиімді қолдануды  жоспарладым. Байқауымша мен жоспарлаған оқу міндеттері Чиксентмихай  теориясына байланысты оқушы үшін жеңіл болды, бірақ балаларда зерігу немесе мазасыздық болған жоқ. Себебі олар сабақ басында беріп отырған сыни сұрақтарым арқылы оқу мақсаттарына жетті. Оқушылар тақырыпты жеңіл қабылдағаны оның түсінікті болғанын білдіреді.Сондықтан менің бірінші сабағым сәтті болды. Тақырыпқа жас ерекшелігіне сай әдіс – тәсілдер таңдап алғаным көңілімнен шықты.Тапсырма ойын ретінде болғандықтан балаларға өте қызықты  болды. Өйткені, олар ойын баласы ғой. Осы ойынды ойнау үшінде сөздерді қайталауға тура келді. Үнемі сабақты ұнатпай отыратын балаларды ойынға қызыға қарап, еш болмағанда 4-5 сөзді оқып беруге тырысты.  Бұл ойын баланың сабаққа деген қызығушылығын оятты. Барлық оқушы бірдей қатысуға тырысты.
«Еңбекқор балары» әдісі баланың сыни тұрғыдан ойлауын, ұжымшылдығын және топта көс басшылық қабілеттерін дамыта түсті.  Тапсырма қиын болса да еңбекқор балара сияқты болуды, жетістікке жетуге балаларды жігерлендіріп отырдым. Қиындық болса да балалар көңіл – күйін түсірген жоқ. Топтаса бірігіп тапсырмаларды орындады. Сыни тапсырмалар  арқылы оқушылар мерекелік тағамдар түрлері және түрлі ұлттардың салт – дәстүрлері туралы біліп алды.  Сабақта қиындық пен болса да жетістікке жеттім деп ойлаймын. Сабақ соңында оқушы үнін тыңдап олардың келесі сабақта нені білуді қалайтынын біліп алдым.
«Сөйлейтін қабырға» әдісін қолдадым. Қабырғаға ілінген «Friendship, Family, Money, Love, Education, Health» создерін  cөйлету  яғни аудармасын тауып, берілген дәйексоздермен сәйкестендіру және «Өмірде не маңызды?» деген сұраққа өз пікірлерін тұжырымдау. Тапсырма ауқымды болғандықтан жоспарлаған уақытты ұзайтуға түра келді. Топтық жұмыс оқушылардың оқып үйренуге деген қабілетін арттыруда өзара әрекетін дамыта түсті. А деңгейдегі оқушы ұжымдық сауал бере отырып, топтық ынтымақтастық дамыту әрекетін қолдады. Өз тобында көшбасшылық орнатып әрбір бір топ мүшесіне деңгейлі  тапсырмаларды бөліп, оны қадағалап ,кей кезде оларға көмектесіп отырды. Осы жерде мен әлеуметтік мәдени теориядағы маңызды ұғым – жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) ның қалыптаса бастағанын ұғындым. Өйткені, Выготскийдың пікірінше оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым – қатынас нәтижесінде ойлау  және сөйлеу дағдыларын дамытады. Оқушылардың шыңға өрмелеушінің  жартасқа  шығуы сияқты  тапсырма шешуде қолдау алғанын байқадым. Оқушы өзінің оқу қызметінде жақын арадағы даму аймағына кіруге ұмтылғанын сездім. Таңдаған «Сәйкестендіру» әдісі сабақтың мән мәтінін ашып қана қоймай ,оқушының сын тұрғысынан ойлауына  да қалыптастыра түсті. Тақырыпты қалай түсінгенін анықтау үшін 2 топқа постер қорғау тапсырмасын бердім. Постерде балалар дүние жүзі балаларына яғни достарына тілектерін жазу қажет еді. Сабақ кезінде нақты білімге ие болған оқушылар постерді мен ойлағанданда жақсы нәтижемен орындады. Оны қорғау кезінде қазақ, орыс, ағылшын тілінде «Достық» әнін орындап мені таң қалдырды. Менің ойымша осы зерттеу қабілетсіз бала  жоқтығын байқадым. Ағылшын тілінде сөйлеу, достарымен қарым – қатынаста қиналған оқушы ән айтумен өзінің қабілетінің басқа қырларын көрсете алды. Өзін – өзі жариялау әрекеттерін жасай алмаған оқушылар ұйымдастырушылық, жасампаздық, өнерпаздық қабілеттерін көрсетті. Өз ойларын айта алмаған оқушылар постерде  керемет тілектермен өздерін ішкі жан дүниесін  аша алды. Теориялық білім, әріптестерімнің кеңестері және өзімнің алдын ала жоспарлап таңдаған әдіс – тәсілдерім балалардың көңіл күйінде жақсы әсер етті. Оқушылардың көңіл – күйімен сабаққа деген қызығушылығы сабақтарымның  сәтті болуына жетеледі. Курста оқу кезінде «Мақсаттарды қоя  білу және күтілетін нәтижелер», «Оқыту мен оқуда кедергілерді төмендету»  немесе  «Қосалқы парашют» тақырыптары зерттеу сабақтарымның тиымды жоспарлауға көмек көрсетті. Тиімді жоспарланған сабақтарым сәтті аяқталды. Осы үйренген теориямен практиканы ұштастыра отырып күнделікте сабақтарымда қолдауға мүмкіндік бар екенін байқадым. Зерттеу сабақтарымды өткен кезімде 7 модульдің өте тиімді және қажетті дағдыларын пайдалана отырып, оқу мақсаттарыма жеткенімді білдім. Осы модуль шеңберінде мен сонымен қатар әлеуметтік сындарлы тәсілдерді, оқытуды дамыту үшін тиімді бағалауды, түрлі жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілдерін қолдануды үйрендім. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің осы кезеңінен дамыта бастағанымды байқадым. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балаларды өз тәжрибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Менің де балалардың қызығушылығын оятатын олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті екендігіне көз жеткіздім. Сын тұрғысынан ойлау оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау, интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасады. Мысалы: тақырыпқа сай ұлттық салт дәстүрлер туралы сүреттерді, көрген білген ақпараттарын жинақтау және оларға тиісті сұрақ қоюға,
— қорытынды мен бастапқы тұжырымдар жасай отырып, негізгі дерек сөздерді салыстыру және талқылауға
— Болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға мүмкіндіктерін көрсете алды.
Жұмыстарды талдау кезінде оқушыларға мұғаліммен пікір таласқа қатыса отырып өзінің оқу үдерісін, соның ішінде бағалау түсіну және метатану үдерістерін барынша түсінуге көмек көрсетті. Александердің « Диалогтик оқыту» теориясына сәйкес, сыныптың қолтаңбалы зерттеуін зерделей отырып, көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым – қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға  жаңа тәсілмен білім алуға мүмкіндік бере отырып, формальды түрде оқуның азая бастағанын сездім. Сондықтан мұғалімдер біліммен зерттеу үдерісін басқармай, бағыттап отыру үшін өздерінің ролдарын қайта қарау қажеттілігіне көз жеткіздім. Осы кезде мұғалім міндеттері өте жоғары екендігін сезіндім. Оқу міндеттеріне қол жеткізу үшін мұғалімде  Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналатынын, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы мамандықтың басқа иелері де боліседі.
Өзімнің көп жылдық тәжрибемнен кейін қорытындылай отырып, ұстаздың оқу үдерісін реформалау кезінде өте қиын бірақ кез келген адамға келе бермейтін БАҚЫТ екенін білдім. Ұстаздықтың ең маңызды мәні – жақсылыққа, білімпаздыққа, тәрбиелей отырып, бақытты болуға үйрету болса, ҰСТАЗ болып шәкірт тәрбиелеу – бір БАҚЫТ. Ұлы ойшыл Әл Фараби: «Ұстаз – өнер , білімге құштар, ар – намысты ардақтайтын жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқыну білмейтін, Ер жүрек болуы керек.  Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды  да ардақтауға міндеттіміз» — деп берген биік бағасына лайықты ұстаз бөлу үшін еңбек жасасам  деген ой жүрегімде қалды. Келешекте өмір сүруге бейім тұлға, шығармашыл, интелекті жоғары, белсенді әлеуметтік жауапкершілігі мол, ой – өрісі кең, терең білімді, сауатты шәкірт тәрбиелеуді  жоспарладым. Осы тұрғыда заман талабына сай қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға, білім беру жүйесіне әлемдік деңгейге көтеруге, жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымдық қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруге ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын қалыптастыруды өз міндетім деп білемін.

 

                                                                                                                                                                        Батирова Сайёра Иззатуллаевна,
                                                                                                                                                                                 ОҚО, Сайрам ауданы, Манкент ауылы                                                                                                                                                                                 Сабир Рахимов атындағы жалпы
орта мектебінің  ағылшын тілі пәні                                                                                                                                                                                                                                 мұғалімі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.