Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру қажеттілігі айтылған. Және орта білім беру мазмұнын жаңарту мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру міндеттеріне тоқталған. Осыған орай Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.
Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттырады, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытады. Сонымен қатар, ұлттық сананы қалыптастыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.
Физика саласы бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп бағдарламасында жетекші орын алады, бұл әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастырудағы физиканың практикалық маңызымен айқындалады.
Физика – табиғат туралы ғылым. Оның мақсаты заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің физикалық қасиеттерін танып-білу, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын зерттеу болып табылады. «Физика» пәнін табысты оқыту мұғалімнің тікелей кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нәтижелеріне басым көңіл бөлуіне байланысты.
Жаңартылған білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
— пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
— таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерархиясы;
— білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
— бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
— бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
— оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландыру болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016).
Оқушылардың Әлемдегі жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдау, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, бақылау қабілеттерін дамыту және табиғат құбылыстарын талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру «Физика» пәнінің мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес физика пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
— оқушылардың Әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы білімді алуына, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеруіне ықпал ету;
— оқушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексиялық мәдениетін дамытуға; физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;
— оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
— алынған дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуге қолдану.
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын педагогикалық әдістемелерінің маңызды зор. Осы орайда, Хэтти (Hattie, 2011) білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланып, 60155 педагогикалық зерттеу жүргізген. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, білім беру бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетіндігіне көз жеткізген.
Білім беру бағдарламасының оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы қажеттігін, оңтайлы оқу ортасын қалыптастырудың ұсынысын Хименес-Александре (Jiménez-Aleixandre, 2008; Katchevich et al, 2011 сілтемесі) берген болатын:
1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысуы және олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы, бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.
2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек.
3) Білім беру бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.
4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті және оқушылар тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағаланбауы тиіс.
5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын талдай білуі қажет.
6) Оқушылардың диалогке және бірлескен оқуға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс.
Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек.
Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқыту үрдісінде негізгі міндеті өз бетінше әрекет етуге бейім, мүддесі мен қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, талдау жасауға қабілетті тұлға ретінде білім алуға ұмтылған оқушы тәрбиелеу болып табылады. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді:
— оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, меңгерген білім, білік, дағдыларын дамыту үшін бұларды үнемі қолданудың маңыздылығын ашып көрсетіп отыру;
— мұқият іріктелген тапсырмалар мен әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандырушы және дамытпалы түрде оқыту;
— проблемаларды модельдеу және оқушыларға түсінікті жолдар арқылы оларды шешу стратегиясының мысалдарын көрсету;
— бағалау арқылы оқушылардың білім алуын қолдау;
— зерттеушілік әдіске және оқушылардың зерттеуіне негізделген белсенді оқытуға артықшылық беру;
— оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту;
— жалпы сыныптық, жеке және топтық жұмыс түрлерін үйлесімді ұйымдастыру қарастырылған әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырып дамытады.
«Физика» пәнін оқытуда қолданылатын мұндай стратегиялардың мысалына төмендегілерді келтіруге болады:
— зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру және қорытындылары мен нәтижелерін тәжірибе жүзінде растап отыруды алға тартатын логикалық ойлауды дамыту;
— өз бетінше жұмыс істеу біліктілігіне және жағдаяттар ағымына қарай бейімделуге, атап айтқанда, аса қиын проблемаларды шешуге, проблемаларды шешу үдерісінде пайда болған жаңа ақпараттарға жауап беруге және бейімделуге үйрету;
— теориялық модельдердің жұмысын түсінуді жақсарту үшін ойындар мен модельдерді қолдану;
— оқушылардың өз тәжірибелерін жобалауы мен жоспарлауы арқылы физикадағы мәселелерді зерттеу;
— физиканың қазіргі заманғы проблемалары туралы (әртүрлі дереккөздерден алынған) ақпаратты сұрыптау және оқушылардың алынған ақпаратты синтездеу, бағалауы мен қорытындылауы;
— мәшинетану, жылутехника, электротехника мен радиотехника, электроника, аспап жасау сияқты бірқатар техникалық ғылым мен пән мәліметтерін пайдалану;
— жаратылыстану құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау.
Оқушылардың ғылыми ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту – физика пәні мұғалімінің маңызды мақсаттарының бірі. Оқу үдерісі оқушының ойлау дағдыларының дамуына ықпал етуі үшін талдау, салыстыру, сәйкестендіру, дербес, ортақ және ерекше белгілерін анықтай білу, абстракцияландыру, жалпылау, қорытынды жасау сияқты ойлау амалдарын қолдануды үйрету керек. Оқу үдерісінде оқушылардың теориялық және практикалық ойлау дағдыларын қатар қалыптастырудың маңызы зор. Ғылыми ойлаудың сипаттары – зерттеу мақсатын анық белгілеу, ғылыми болжамдар жасау, зерттеу әдістемесін белгілеу, зерттеудің негізгі кезеңдерін анықтау, зерттеу жұмыстарын жасау, алынған нәтижелерді талдау және қорытындыларды тұжырымдау болып табылады. Бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және жалпылау, физикалық теория негізінде құбылыстарды түсіндіру, шығармашылық таныту, теориялық ойлау сияқты қабілеттерін қалыптастыру оқушылардың ғылыми ойлау дағдыларының дамуына ықпалын тигізеді.
Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру мұғалім үшін өте маңызды. Ол үшін сабақты көрнекілік құралдармен қамтамасыз ету, физикалық эксперименттер жасау, сабақтың ғылымилығын жоғарылату, проблемалық жағдаяттар туындату, оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдалану және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, т.б. белсенді оқу әдістерін қолдануға болады.
Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді.
Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді:
- жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;
- жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;
- оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен ресімделуіне;
- білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді біледі және түсінеді [2].
Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Назарбаев Н. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты. Қазақстан халқына Жолдауы.// «Егемен Қазақстан» газеті. 27 қаңтар, 2012ж.
- Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. // «Егемен Қазақстан» газеті. http//www.
- Өмірбаева К. «Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер». 2001 .
«Қазақстан мектебі» №2, Алматы қ. 2013ж.
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдаламасы; НЗМ,ДББҰ; ПШО, 2016
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана қ., 2016ж.
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi №319 Бiлiм туралы заңы.
- Мукушева М.А. «Орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламаның ерекшеліктері», «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ
Прмаганбетова Гульшат Алпысбаевна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қызылорда облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру нститутының
аға оқытушысы