Қазақстан Республикасында білім беруді ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру 2016-2017 жылдарының оқу жылы 12-жылдық білім беруге өтудің алғашқы жылы болды. Бұл жылы 1‑сынып жаңа жүйеге өтуді бастады. Бұл жылы бірталай жұмыс атқарылды. Дегенмен, өзгерістің нақты нәтижесі көрінетін жыл, биылғы жыл екені түсінікті. Мектеп оқушыларының 1/3‑гі жаңа жүйеге өтеді. Осы ретте, бұл жылдың «сапа жылы» деп аталуы да сондықтан болуы керек.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту, сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері педагогтер кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттыру, орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету, орта білім берудің мазмұнын жаңарту, мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани‑адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.
Осы төрт мақсат‑міндеттер негізінде біз өз жоспарымыздың биылғы жылға біз былайша нақтыладық.
2016-2017 оқу жылының соңында жылғы оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілді. Олар:
- 5-7 сынып оқушыларын жаңа білім жүйесінің талаптарымен таныстыру;
- мұғалімдер ұжымының жұмыстарын осы талаптарға сай қайта құру;
- ата-аналарды осы жаңа жүйе талаптарымен, анық қалай жүйеге асатындығымен таныстыру. Бұл жұмыс нәтижесімен тамыз кеңесінде аудан мұғалімдері таныстырылды, тәжірибені талқыға салдық.
Ендігі жұмыс педагогтер беделін көтеру яғни мұғалімге сол аймақта өзінің рөлін көтеру. Ол үшін мұғалімдердің жетістіктері қандай екендігін оқушы, ата-ана, жалпы қоғам білуі қажет деген оймен «Мұғалім жетістіктері» атты стенд ілініп, ол үнемі толықтырылып отыратын болады.
Сонымен бірге «Мектеп жетістіктері» қандай? деген сұрақтарға жауап беретін стенд дайындалады.
Бұл бізде кімдер істейді, жетістігіміз қандай деген сұрақтар жауабы.
Онан әрі педагогтердің сапалық құрамын арттыру бағытында биылғы оқу жылы магистратураға мектептің 12 мұғалім тапсырып, өздерінің біліктілік деңгейін арттыратын болады.
Олар магистрлік жұмыстарын осы жүйеге өтудегі проблемаларды практикалық тұрғыда шешуге арнайтын болады. Бұл мектеп жұмысын ғылыми негізге қоюға көмегін тигізері сөзсіз.
Орта білім беру мазмұнның жаңаруына байланысты бұл бағыттағы және ғылыми‑әдістемелік жұмысты жоспарлау мақсатында «ЖОО мен мектеп серіктестігі» жұмысын қызу қолдап отырмыз.
Білім беру жүйесі деңгейлерінің өзара әрекеттесу моделі
Осы бағытындағы жұмыста біз «Мәңгілік Ел» бағытындағы тәрбие жұмысы мен СӨС бағытында қолға алдық.
Барлық жүргізілгелі отырған жұмыстың мониторингін жүргізіп, білім беру менеджментін жаңа деңгейде ұйымдастыруға ниеттеніп отырмыз.
Осы жұмыстар біздің – «Қазақстан Республикасында білім беруді ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру мен ҚР Білім және ғылым министрі Е.С.Сагадиевтің «Сапа жылы» деп атап отырған жылында істейтін жұмыс жоспарымыз міне осындай.
Даурбаев Келдимурат Тугелбаевич,
«Құрық орта мектеп‑гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің директоры