Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі м қарым-қатынас және ағылшын тілі әлемді тануда жаңа идеяларды жан-жақты қолдану, жаңаша оқытуды тиімді әрі жүйелі түрде қолдану м заман талабы.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда бола бастады. Соған байланысты ұстаздардың алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі ізденісте болып жаңартып отыру, жаңа технологияларды меңгеріп оны тиімді қолдана алу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты м білім мазмұнын жаңарту, критериалды бағалау жүйесін енгізу, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыруды көздейді.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу мәселесін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады. «Қазақ тілі» пәнінің бағдарламасы негізгі орта мектеп оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін мәңгертуді көздейді.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған. Қазақ тілі мен әдебиеті аса тығыз байланыста қарастырылады, себебі, тіл – әдебиеттің бастау көзі. Ал әдебиет – бастаудан шыққан сөйлеудің, тілдің ең жоғарғы, аса үлгілі қазынасы.
Қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламаларының түйісетін нүктелері көркем мәтінді талдау жүйесі болып алынып отыр. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің тарихпен және тағы басқа пәндермен байланысы сақталады. Тұтас ұлттың бейнесін сомдаған әдеби шығармалар – Тәуелсіз Қазақстанның Мәңгілік Елге айналуына қазық болатын сенімді тіректер. Сонымен қатар, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша әзірленген оқу бағдарламаларына негіз болған маңызды қағидат оқу бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады.
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді.
Оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің 4 тілдік дағдыны меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі. Оқу бағдарламасының спиральділігі, яғни оқушылардың алға ілгерілеуі айқын көрінеді, себебі сыныптан-сыныпқа жоғарылаған сайын оқу материалы күрделене береді.
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің мұғалімдері оқушыларды өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын және тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Бағалау жүйесі де өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесін өтеді. Критериалды бағалау негізінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланы жан-жақты ізденуге ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетін отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша жүргізіледі.
Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін меңгерту. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар жаңа әдіс-тәсілдер, белсенді оқыту технологиялары да қарастырылып жатыр.
Оқушылар өзінің мектепте алған білімдерін өз өмірінде қажетіне жарата алатындай болуы керек.
Ұстаз қауымына үлкен жауапкершілік міндеттелді. Қазақ халқының кемеңгер, ойшыл ақыны Абай атамыз айтқандай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші өз пәнін, өз мамандығын, шәкірттерін сүйетін мұғалім үнемі ізденіс үстінде болады деген ойдамын.
Болашақ – білімді ұрпақ қолында.
Ирсалиева Дилдара
ОҚО, Сайрам ауданы,
№11 «Манкент» ЖОМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Ахмедова Назокат
№3 «Хамза» ЖОМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі