Өзіндік сара жолы бар дарынды балалардың терең білім алуына арналған Қызылорда қаласындағы №4 Е.Н. Әуелбеков атындағы облыстық мектеп-интернатында қазіргі таңда «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ-ОҚУШЫНЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ МЕН ӨНДІРІСТІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ НЕГІЗІ» «UPDATED CONTENT OF NATURAL SUBJECTS — A BASIS FOR STUDY OF SCIENTIFIC RESEARCH AND INDUSTRIAL TECHNOLOGICAL EDUCATION» тақырыбында пәндер апталығы басталды. Алғашқы апталық жаратылыстану пәндер апталығы.
Аталған апталық 31 қаңтар мен 3 ақпан аралығында, яғни 1 аптаға жоспарланған. Бұл апталықтың жүйелі жоспары жасалынып, қызықты сайыстарымен, ерекше басталды. Апталықтың алғашқы күні мектебіміздің 1 қабатында «Шығармашылық тапсырмалар көрмесі» тақырыбындағы оқушылармен қызықты тапсырмалар орындалып, жеңімпаз оқушыларға тәттілер ұсынылды.
Апталықтың екінші күнінде «Жақын арадағы даму аймағы» тақырыбы аясында А.Саянова мен Ж.Дінисламовтың ұйымдастыруымен коучинг сабақ өткізілді. Коучингке мұғалімдер, жетекшілер және тәрбиешілер қатысып, сабақ сайыс түрінде өткізілді. Әрі қарай апталық «Табиғи қышқылдар мен сілтілер. Индикаторлар», «Бөлме өсімдіктерінің түрлері мен маңызы» тақырыбындағы үйірме сабақтарымен жалғасты. Үйірме сабақтарында оқушылар үйірме жетекшілерімен бірге зерттеу тақырыптары мен қатар түрлі тәжірибелерімен бөлісіп,көпшілікті таң қалдырды.
Апталық одан әрі мектебіміздің мақтанышы ардагер ұстаз К.Сәдуақасқызының 75 жас мерейтойына арналған «Ұстаз-ғалым» тақырыбындағы іс-шара ұласты. Іс-шараға К.Сәдуақасқызының әріптестері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұстаздары қатысып, К.Сәдуақасқызының жұбайы Ә.Мүслімұлының өмір дастандарынан сыр шертті. Ал дарынды оқушыларым К.Сәдуақасқызының өлең-жырларын оқып, жырдан шашу шашты.
Пәндер апталығы әлі «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбындағы мұғалімдер арасында өткізілетін сайыстармен сондай-ақ «Мен және менің оқушым» тақырыбында өткізілетін жас мамандардың сайыстарымен жалғасатын болады. Алда дарынды оқушыларымыз бен талантты ұстаздарымыздың талай қызық тапсырмалар күтіп тұр.
Жалпы осындай сабақтан тыс іс-шаралар оқушы білімін жетілдірумен бірге ұстаздардың да шығармашылықпен жұмыс жасауына мол мүмкіндік берері анық. Біздің мектебімізде осы дәстүр тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.
Мен өзім осындай үлгілі ұжыммен және дарынды оқушылармен жұмыс жасағанымды мақтан етемін.
Наурызбай Айтбайқызы,
№4 Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға
арналған мектептің физика пәні мұғалімі,
Қызылорда қаласы