Home » Жаңалықтар » Жаңартылған білім мазмұны — тәрбие үрдісінде

Жаңартылған білім мазмұны — тәрбие үрдісінде

26-сәуір 2017 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы жарты ғасырлық тарихы бар, республика көлеміндегі үздік білім ордаларының бірі №3 мектеп-интернатында «Жаңартылған білім мазмұны — тәрбие үрдісінде» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.

Жаңақорған аудандық білім бөлімінің инспекторы М.Жандарбекова мен №3 мектеп-интернатының директоры Л.Нәлібаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Ғ.Бегентаеваның басшылығымен өткен бұл шара өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Семинарға облыстық «Дарын» ғылыми- практикалық орталығының директоры Қ.Ақышева бастаған 25 тәрбие саласының мамандары қатысты.

Жаңа талаптарға сай ұйымдастырылған бұл шара өмірлік мазмұны мен тәрбиелік құндылығы мол «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»(5- сынып, сынып жетекшісі А.Жинақбаева), «Интернеттің пайдасы мен зияны»(кіріктірілген 7-9 сынып оқушылары, сынып жетекшісі Ж.Омарова), «Толағай» спорттық ойын(3-4 сынып оқушылары мен ата-аналары, үйірме жетекшісі Б.Ақмырзаева), «Сәтті күн жақсы көңіл-күйден басталады» тренинг (Ж. Абибуллаева) және «Өмірі өнегемен өрілген» тақырыбында ұлағатты ұстаз, мектеп директоры А.Фейзулдаевты еске алу кеші (10-сынып, сынып жетекшісі Г.Сейдахметова) мен өнер үйірмесінің тамаша ән кешімен(үйірме жетекшісі Қ.Шайхсламова) тәмамдалды.Семинар қонақтары тәрбие саласындағы іс-құжаттармен танысып, «Дөңгелек үстелде»  семинар жайлы жақсы лебіздерін білдірді.

Білім бөлімінің инспекторы М.Жандарбекова іс-шараның жоғары деңгейде өткендігіне тоқталып, Қ.Ақышева мектеп директоры Л.Нәлібаева мен шараға қатысқан мұғалім-тәрбиешілерді облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапаттады.

Түйін: тәрбие саласында өтілген, жаңартылған білім мазмұнына негізделген бұл шараның болашақ білімді ұрпақты тәрбиелеуде және тәрбиешілердің шығармашылық тәжірибиесін шыңдауда маңызды қадам болғаны сөзсіз.

Ақбаева Алмакүл Садырқызы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,

№3 мектеп- интернаттың физика пәнінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.