Home » Мақалалар » Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы

Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы

Елбасымыздың «Болашақ білімді ұрпақ қолында» деген сөзін қолдамайтын азамат жоқ шығар. Иә, білімді болмай келешекті жарық деудің өзі дұрыс емес шығар. Бұрынғы даналарымыз айтқанындай «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп» деген нақыл сөздері дұрыс деп есептейміз.

Болашақтың білімді болуына аса көңіл бөліп отырған Елбасымыздың да қосар үлесін айтып жеткізу мүмкін емес. Қазіргі заман білімділердің алға түсіп, болашаққа нық қадаммен жақсы өмір сүруге жол ашып, бәйгеден озып отырғандығы белгілі болып тұр. Елбасымыздың дамыған 30 елдің қатарына ену туралы міндетін қойғаны да бекер емес еді. Бұл дегені еліміздің білім деңгейін көтеруді қолға алып отырғандығы. Дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім алу керектігін қолға алуды тапсырды. Сол үшін білім саласына көптеген мақсат-мүдделер, талаптар қойып отырды. Соның қатарына біздің бүгінгі ұрпақтарымыздың «Жаңартылған білім мазмұны»   бойынша білім алуын бәріңіз де біліп отырсыздар. Сол бойынша сіздерді таныстыруыма байланысты баяндама оқып түсіндіріп   өтсем деп едім. Бүгінгі баяндамамыз «Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы» деп аталады. Сіздерді өз балаларыңыздың қандай білім алып жатқандығын түсіндіріп өтейін.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің дамуына барлық мақсат міндеттер қойылды. Даму мақсатында жаңартылған білім алу бойынша жұмыс жасалып жатыр. Қазіргі күнде мұғалімдердің алдындағы міндеті болып: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушылардың білімі терең, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы, білімді тұлғаны қалыптастыру. Бұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденумен   кәсіби білікті болуы тиіс болып тұр.

Инновациялық   білім алуда оқушылардың өз бетінше әрекет ету арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық   технологияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.

Осыған орай қазіргі кезде еліміздің барлық   жерлерінде жаңартылған білім беру мазмұнында педагогтардың білім алуына бірталай жұмыстар жасалуда. Мұғалімдер де жаңа бағдарлама бойынша білім алуда. Биылғы жылда 1-2-5-7 сынып оқушылары   жаңартылған білім бойынша білім алуда. Бұл бағдарламада оқушыларға тапсырмалар беріледі. Оқушылар өз бетінше жұмыс істеп , ізденіп отырады. Мұғалім тек бағыт бағдар беріп отырады. Бұл дегеніміз баланың өз бетінше ізденуге, жұмыс істеуге, топпен, жұптасып, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу. Баланың білім алуы мен меңгергенін әр бөлім соңында бөлім бойынша жиынтық бағалауда белгілі болады. Өздеріңіз оның рубрикасымен танысып отырсыздар. БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын орындауында қай жерде қателіктер жібергендігімен танысып отырсыздар. Мұғалімдер сол тапсырмалар бойынша түсінік беріп отыруда. Күнделікті сабақта оқушылар өз ойларын толық жеткізулерін мұғалімдер тексеріп, қарағалап, бақылап отырады. Сонымен қатар топтық жұмыста бірлесіп, топтасып жұмыс істеуде оқушылар бір-бірін тыңдап, ойын бөлісіп, өз пікірлерін айтуға, ортақ пікірге келуге, достасуға, ынтымақтасуға   үлес қосып, соған тәрбиелейді.

Сонымен қатар, бұл сабақта күрделіліктер де бар. Бірақ оқушылардың бұл білімді меңгергендігін тексеру оңай. Оны БЖБ, ТЖБ-дан білімнің нәтиесінен білуге болады. Біз қазіргі күнде 1-сынып оқып жүргенде 2-сыныптың тапсырмаларын, 2-сыныпта 3-сыныптың тапсырмаларын орындап, 1 саты алда келе жатқанымыз белгілі. Сабақта оқушылардың белсенділігі де жоғары. Топтық жұмыс жасаймыз дегенде қуана бірлесе кететіндері қуантады.Оқушылардың бір-біріне көмектесіп, түсінбегенін түсіндіріп, бірлесіп жұмыс жасап отырғандарын көріп қуанасың.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – білім алушы оқушылардың оқу, білім алу нәтижелерін жетілдіру, арттыру. Бұл бағдарламадағы ең маңыздысы үштілділікті қолға алу, ақпараттық -комуникациялық технологияларды қолдана алуына аса көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, электронды журнал, электронды күнделікпен жұмыс істеп, үй тапсырмаларына аз ғана уақытта орындайтын тапсырмаларды беру болып отыр. Тағы да айта кететіні оқушылардың бағалануы туралы. Оларды мақтау, мадақтау сөздер арқылы бағалау. Мысалы: «Өте жақсы!» «Керемет!», «Жарайсың!», «Тамаша!», «Жақсы».

Критериалды бағалау жүйесін түсіндіріп, оны қолдана білу қамтамасыз етілуде. Оқушылардың сабақты түсінгені мен сабақта қандай көңіл күйде болғандықтарын сабақ соңында «Басбармақ», «Білім баспалдағы», «Білім ағашы» т.б. әдістер арқылы қорытындыланып отыруды. Жаңартылған білім жүйесінде мұғалімнің берген бағыты бойынша сабақта қолданған әдіс-тәсілдердің, ойындардың оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға, тапсырмаларды орындауда шығармашылықпен айналасуына жауапкершілікпен айналысуына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған. Сонымен қатар бұл бағдарлама – озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

Білімді ұрпақ тәрбиелеп жетілдіру үшін алдымен мұғалімнің өзі білімді, ізденімпаз, күш-жігерлі болуы тиіс деп ойлаймын. Мұндай мұғалім алдына бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқат жету жолында шәкірттерінің жүрегінне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жеткенде, болашақ шәкірттердің білімді болуы сөзсіз. Білімді ұрпақ арқасында тәуелсіз елдің тірегі мықты болады деген ойдамын.

Білімді ұрпақ тәрбиелеп, білімімен елге өз үлесін қосатын білімді ұрпақ тәрбиелесем менің ұстаздық еңбегімнің жанғаны деп санаймын. Бұл менің ең бақытты өмір жолымның бір үзігі, тізбегі деп білемін.

Аралбаева Акмарал

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.