Home » Жаңалықтар » ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім  берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды  кешегідегідей  оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың заманауи тиімді әдіс-тәсілдеріне жекелеп шолу жасап кеткенді жөн көріп отырмын.

Құндылықты-бағдарланған  тәсіл — оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғы шарттар құруды көздейді. Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақыл ойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары  даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді.

Жүйелік-әрекетті тәсіл — оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.

Коммуникативтік тәсіл — бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.

Интегративтік тәсіл — оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрліп әндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қолжеткізуге мүмкіндік береді.

Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.

Интербелсенді әдіс- білім алушылардың танымдық қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынаспен қарым- қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістер оқушының қызығушылығы мен белсенділігінарттырып, алынған мәліметтерді шығармашылық тұрғыдан қайта өңдеу болып табылады.

Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интер белсенді әдістердің керемет мүмкіндіктері оқушыларды шабыттандырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады.

Оқудың интерактивті әдістерінің маңызы қандай? Ең алдымен, интерактивті әдістер:

  • оқушылардың қызығушылығын туғызады;
  • әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
  • әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
  • оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
  • оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
  • кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
  • оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
  • өмірлік машықтарды қалыптастырады;
  • мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интерактивті оқыту – бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды айтып отыр. Осындай мақсаттың бірі оқушылар өзінің сәттіліктерін, интеллектуалдық жағдайларын, оқу процесінің өзінде қандай өнімді іс істеу керектігін сезінетін, оқудың қолайлы жағдайын жасаудан тұрады. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой  қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға ісжүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындайжолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі

 

Қойшан Гүлім Берікқызы,
Қостанай облысы, Амангелді ауданы,
Есір ауылы Н.Мейірманов атындағы
орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.