Home » Мақалалар » Жаңартылған білім мазмұны биология пәнінде

Жаңартылған білім мазмұны биология пәнінде

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» тақырыбындағы 80 сағатқа жоспарланған білім сатысы оқуы өткізілді. Білім сатысы оқуының тыңдаушылары оқу жоспары және сабақ кестесімен таныстырылды. Курстың мазмұнына сәйкес, ПҚБАИ, Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Д.Т.Матенова «Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасы, оқу бағдарламасы және оқу жоспары. Тиімді оқыту және оқу. Критериалды бағалау жүйесі. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау. Белсенді оқу әдістері. Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту. Биология және жаратылыстану сабақтарындағы бағалау үдерісі. Биология және жаратылыстану бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша сабақтарды жоспарлау. Биология және жаратылыстану бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша сабақтарды жоспарлау. Ықшамсабақ өткізу. Біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдау: оқыту дағдылары, пән бойынша педагогикалық білім, критериалды бағалау» тақырыптары бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар мен тренингтер өткізді. Тыңдаушылар «Ықшамсабақтар жобасы» бойынша таныстырылымдар дайындап, эскперттің қатысуымен қорғап шықты. Тыңдаушылар әріптестерін проформа негізінде бағалады. Тыңдаушылардың қорғалымы бақылаушы, эксперт, тренер және әріптестер тарапынан бағаланды.

Білім сатысы оқуы кезінде тыңдаушылардан курсалды сауалнама және курстан кейінгі сауалнама алынды. Ықшамсабақты қорғау кезінде 22 тыңдаушының 3–уі өте жақсы бағаға (3балл), ал 19-ы жақсы бағаға (2балл) бағаланды. Жалпы білім беретін орта мектептерден 21 тыңдаушы және мектеп-балабақша кешенінен 1 тыңдаушы қатысты.

Білім сатысы оқуының тақырыптық мазмұнының құрылымы, тақырып аясында жүргізілген теориялық дәріс, тренинг, тәжірибелік интерактивті оқыту тәсілдері тыңдаушылар көңілінен шыға білді. Барлық тыңдаушыларға арнайы ортақ электронды почта және арнайы WhatsApp арқылы чат ашылып, желілік қауымдастық құрылды. Осы желілік байланыс арқылы мұғалімдерге қажетті әдіс-тәсілдер көрсетіліп, жаңа білім мазмұнындағы нұсқаулық, 7-сыныпқа арналған биология оқулығының электронды жобасы, бағдарламасы, слайдтар, электронды бағалау бетшелері беріліп, критериалды бағалау ережелерімен таныстырылып, қолдау көрсетіліп отырылды. Мұғалімдерге ықшамсабақ құрастыру кезінде сабақ жоспарлары үлгісі беріліп, әдістемелік көмектер көрсетілді.

 

Дамеш МАТЕНОВА
«Жаратылыстану–ғылыми (гуманитарлық)
пәндерді оқытудың инновациялық
технологиялар мен әдістері
кафедрасының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.