Home » Ашық сабақтар » Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері

Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері

Біздің еліміздің тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ көтеруі оқу-білімнің, мәдениеттің, әдебиеттің басқа да салалардың өсіп-өркендеуіне жол ашты. Қашанда болсын ілгерілеуге апаратын алғы шарт – сапалы білімге келіп тірелетіні шартты құбылыс. Бүгінгі таңда барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Себебі қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім.
Мектеп табалдырығын аттаған балдырғанның алдында өмір атты үлкен әлем тұр. Ол әлемнің баланы баурап алар сырлары да мол, қызығына жетелер жырлары да көп. Өмірді танып білу үшін, ертеңгі күні оның лайықты азаматы болу үшін ең алдымен білім керек. Білімдінің күні де ашық, жолы да жарық.
2016-2017 оқу жылы 1-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болды. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқи бастады.
Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Кең ауқымды дағдылар деп – білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігін айтуға болады. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады.
Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында.
Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады.

Мазмұндық ерекшеліктері:
— пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
— білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
— бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болу;
— бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
— оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылу болып табылады.
— таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;
оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұны анықталатын және білім салалары бойынша әрі қызмет аспектілерін көрсететін күтілетін нәтижелерге көңіл аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту көзделеді, яғни оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды».
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері
* Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі;
* Оқытудың тәрбиелік әулетін арттыру, оқушының адамгершілік – рухани қасиеттерін қалыптастыру;
* Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
* Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою
* Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында “ ортақ тақырыптардың” берілуі;
* Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыпттастыруға назар аударылуы
* Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру:
* Оқытудағы жүйелі әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша 1-сыныпта өткізілген «Жер ғаламшарының көрінісі» тақырыбында өткен ашық сабағымды мынандай етіп ұйымдастырдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақта қойған мақсатымыз:
1.4.1.1  Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау
Сабақта қолданған әдіс – тәсілдерім: сұрақ — жауап, ой қозғау, «Ақылды доп» ойыны, топтастыру, жеке және топтық жұмыстар, тірек — сызба, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс және Блум бойынша (білу, түсіну, талдау, жинақтау, қортындылау, бағалау) болды.
Сабақтың өткізілуіне тоқталсам:
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар ұстаздармен 3 тілде сәлемдесті.
Шеңбер құрып «Ақылды доп» ойынын ойнайтынымызды айттым. Ойынның шарты допты мен сұрақ қойып бір оқушыға лақтырамын, ол оқушы сұраққа жауап беріп, қайтадан өзі сұрақ қойып келесі басқа оқушыға допты лақтырады. Осылай өткенді қайталау жасалды. Өткенді қайталау, яғни ғарыш денелерін атап, әрі 3 тілде айтты.
— Бүгін де сабақта «Ғарыш әлеміне» саяхат жасаймыз.
— Көзімізді жұмып ғаламшарларға саяхатқа барайық, — деп музыка арқылы елестетіп, ғаламшарларға саяхат жасады. Сол арқылы 3 топқа бөлінді.
Содан соң ой қозғау жүргіздім. Тақтадан бейнефильм көрсеттім. Сыныптың көкжиек сызығын көруге барған топсаяхатын тамашалады. Бейнефильмнен машинаны бақылады. Бақылап қандай ой туындағанын айтады. Сол арқылы жер пішінін анықтады. Шар тәріздестігіне байланысты жұптық жұмыс орындады.
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері :
Оқытудағы жүйелі әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу).
Жаңа сабақты оқушылар іс-әрекет арқылы меңгерді, яғни жердің моделін пластилинмен жасады. Глобуспен таныса отырып, өздерінің модельдерін толықтырды.

1 – суретте жер моделін жасауда,
Глобус сөзін 3 тілде айтып, үйренді. Глобуста қандай түстер бар екенін қарады, және ол түстер нені бейнелейтінін талқылады. Оқушылар 3 тілде айтып, осы түстерді қайталады.
Ғарыш денесі жұлдызға байланысты сергіту сәті 3 тілде Моцарттың «Жарқырайды жұлдызша» әнімен жүрді. 

2 – сергіту сәті
Сергіту сәтінен кейін, жердің шар тәрізділігін дәлелдейтін тәжірибе болды. Бекіту кезеңінде топтық жұмыс берілді.
Бірінші топ: Оқушылар Жер ғаламшарын сипаттайтын сөздерді таңдап, ол сөздерді Күн сәулелеріне жазды.
Екінші топ: энциклопедиядан мұхит туралы мәліметтер іздеді.Үшінші топ: Жер мен глобусты салыстырып Венн диограммасына жазды.


 

 

 

 

 

 

 

3– 5 суретте топтық жұмыс
Сабақты қорытындылау ретінде топтық жұмыс жасатып, оны тақтаға қорғаттым. Бұл тақырыпты балалар игеріп, түсініп, қойған мақсатымызға жетті.
Күтілетін нәтижеміз бойынша:
Оқушылар: Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтады; топта жұмыс жасап, өзара қарым — қатынас құзіреті дамыды; топта бірлесе отырып жұмыс жасау арқылы жаңа білім меңгерілді – деп айта аламын.

6– суретте кері байланыс.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

 

 

Толеуова Шынар Сабешовна,
№84 мектеп-лицей, бастауыш сынып мұғалімі,
Астана қаласы

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат
2. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.