Home » Мақалалар »  Жаңартылған білім-жаңа заман жаршысы

 Жаңартылған білім-жаңа заман жаршысы

Бүгінгі таңдағы ұстаздарға ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес, білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттарға сай жұмыс істей алатын тұлғаларды қалыптастыру міндеттері жүктелген. Мұндай жоғары талаптарға сай  қызмет жасау үшін ұстаздарымыз әрдайым ізденісте, кәсіби білікті болуы шарт.

Еліміздегі білім  беру реформаларының басты мақсаты – білім беру жүйесін жаңа ортаға бейімдеу. Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу-жаңғыруымыздың белгісі іспеттес.

Критериалды бағалау, белсенді оқу мен оқыту, оқытудағы саралау, оқу мен оқытудағы жаңаша тәсілдер, бағалау тапсырмаларын әзірлеу — қазіргі оқытудың басты талаптары.Өңірімізде аталған бағдарлама аясында педагогтың біліктілігін арттыру мақсатында түрлі курстар, семинар сабақтар өткізіліп тұрады.Солардың бірегейі ретінде жақында өзім қатысқан «Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» атты курс жайлы айтқым келді.Курстың жеке басыма берер білімі мол болды.Қысқа мерзімді жоспар жасау, сабақ зерттеу, тиімді жүргізу, табысты оқушыға жету, шынайылықты, уақытты алдын ала ойлану мен әзірлікті үйрендім.

Ардақты Елшіміз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадистерінің бірінде «Бір әріп үйреткен кісіге қырық жыл қызмет ет» деген өнегелі сөздер бар.Аталған курс жетекшісі Өрлеу БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша  ПҚБА институтының аға оқытушысы,  тренер Кенжехожаева Ләззат Шакимарданқызына алғыс айтамын.

Қалматаева Әсел

№ 22 жалпы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.