Home » Жаңалықтар » «Жаңартылған білім жағдайында мектеп тәлімгерінің тәрбие жұмысындағы маңызы мен рөлі» тақырыбында семинар болып өтті

«Жаңартылған білім жағдайында мектеп тәлімгерінің тәрбие жұмысындағы маңызы мен рөлі» тақырыбында семинар болып өтті

№2 Қосшы орта мектебінде 2019 жылғы 19 қаңтарда  «Жаңартылған білім жағдайында мектеп тәлімгерінің тәрбие жұмысындағы маңызы мен рөлі» тақырыбында аға тәлімгерлердің аудандық семинары өткізілді. Айтулы шараға педагогика ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі» Дмитриенко Елена Александровна, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің сарапшысы Арман Төреқұлұлы Аблаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айткүл Аманжолқызы Қабыкенова, №2 Қосшы орта мектебінің директоры М.Ч.Мукашева, Целиноград ауданының 40-тан астам аға тәлімгерлері қатысты.
Семинардың басты мақсаты – жаңартылған білім жағдайында мектеп тәлімгерінің жұмысындағы өзекті мәселелерді талқылау және тәлімгер жұмысындағы қиындықтар туралы ой бөлісу, шешу жолдарын белгілеу. Шараға келушілер ең алдымен, мектеп ұжымы ұйымдастырған көрмені тамашалап, бар ықыластарымен қабылдады. Іс-шара басында сөз алған Дмитриенко Елена Александровна: Тәлімгерлердің біліктілігін, шеберлігін шыңдау балалардың өзара тіл табысуға, олардың биік  талаптарына сай болуға көмектеседі. Білімі терең, бәсекелестікте төзімді болған маман ғана тәлімгерлерді жеңіске жетелейді – деді. Ақмола облысы аналар кеңесінің мүшесі, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Какабаева Зәуре Балуанқызының «Мектеп ішінде құрылған қыздар және ұлдар клубы» туралы баяндамасы тыңдалды. Әрі қарай, мектеп психологы И.С.Қуанышева қатысушылармен «Танысу» жаттығуы, «Жемістер» бағы, «Ақ сандық», «Жүректен шыққан тәтті тілек» тренингтерін өткізді.  Сонымен қатар, №2 Қосшы орта мектебінің аға тәлімгері Г.Ж.Маратова, Талапкер орта мектебінің аға тәлімгері Ж.Ж.Жангакова, кызылжар орта мектебінің  аға Гулбану Аманбаевна жүргізілген жұмыстары  жайлы есеп берді.Тарих пәнінің мұғалімі Жанаділ Мирасбекұлы Макатовтың ұйымдастыруымен «Мектептегі өзін-өзі басқару: шындық немесе аңыз» тақырыбында пікірталас тыңдалды, онда 10 «В» сынып оқушылары тұжырымды ойларымен бөлісті.   Жалпы алғанда, мектеп тәлімгері оқушылардың жас ерекшелігінің қызығушылығына және өмір талабына сай ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырады, бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, бірлестіктер жұмыстарының формасы мен мазмұнын жаңартуға ықпал етеді. Оқушылар бос уақытында азаматтық және адамгершілік көзқарасын көрсету үшін, өзінің қызығушылығы мен қажеттілігін жүзеге асыру үшін, бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін мектепте жағдай жасайды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар мерекелік концертті тамашалады.

 

А.Ж.Байжанова,
Целиноград ауданы
№2 Қосшы орта мектебі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.