Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Жаңартылған білім болашақтың кепілі

Жаңартылған білім болашақтың кепілі

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер жүктелді. Жаңа ғасыр мектепке жаңа проблемалар қосып отыр. Оның тұжырымдылық мақсаты – оқушының танымдық және ұжымдық жұмыс жасау формаларын қалыптастыруына ықпал ету. Білім беру жүйесіндегі негізгі субъект – мұғалім. Сондықтан қазір мұғалімнен шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір уақытта педагог, психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі қажет. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің бүкіл әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты – білім алып, білім мен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүкіл дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкін болады. Ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, 3 тілділікті қамтамассыз етеді. Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделеді. Бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшелігіне сәйкес деп есептеледі.
Барлық жерде 12 жылдық білім алуға көшу басталып үш сатыда іске асырылатын болады. Әрбір сатының білім бағдарламаларын меңгеру сыртқы бақылаумен аяқталады.
I саты – бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар;
II саты – негізгі білім беру, 5-10 сыныптар;
III саты – орта білім беру, 10-12 сыныптар.
Осы саты іске асырылатын болса, білім беру жүйесі де нақты жолға қойылған болады. Егер әрбір сатыға білім беру жүйесі тұрғысынан қарайтын болсақ, онда сатының өзінен бастап-ақ оқушылар мамандық әлемімен таныстырылады. Қазіргі уақыттағы мамандықтар туралы, яғни оқу- ағарту жұмыстары орындауы тиіс.
II сатыда сынып жетекшілері, мектеп мұғалімдері, психологтары ата-аналарымен біріге отырып, әрбір оқушымен жекелей жұмыс атқарып, оларды нақтылай мамандық таңдауға дайындайды. Біздің  іріктеуіміз де осы жерден басталуы керек. Бұл жерде әртүрлі сауалнамалар, тесттер, сұхбат және т.б.әдістер пайдаланылады.
III сатыда оқушыларға нақты таңдаған мамандығы бойынша білім беру. Сондықтан осы жерде ақпараттандыру жұмыстарын тоқтатпай үздіксіз мамандық әлемімен байланысты ақпараттармен, сол уақыттағы мамандыққа қойылатын талаптармен, жаңалықтармен қаруландырып отыру.
12 жылдық білім беру жүйесінің бұрынғы білім беру жүйесінен айырмашылығы мынада:

  • Оқушының функционалдық сауаттылығы;
  • Көпварианттылығы;
  • Деңгейлі және бағларлы сараланғандығы;
  • Аймақтық білім беру;
  • Жеке тұлғаға бағдарланғандығы;
  • Бағдарлы бағыт ұстайтын педагогикалық функциялармен ерекшеленеді.
    Мектептердің 12 жылдық білім беруге көшудегі мақсаты – еркін бағдарлы ұстайтын, өзін іске кірістіре алатын, өзін дамыта алатын және тез өзгертетін өміршең жағдаяттарда өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, жоғары қанағаттандыратын, халықаралық еңбек бәсекесінде қабілеті жоғары, отандық, ұлттық, рухы жоғары маман, жеке тұлға қалыптастыру.
    Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушышың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
    Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея», Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — дейді.
    Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «Инновация» білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі(жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
    Әдіскер Сара Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
    Дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін арттырады;
  • Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
  • Оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
  • Саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістер шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;
  • Ақпараттық бағдарламалап оқыту;
  • Оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
  • Иллюстрацияны түсіндірмелі оқытуда «адам –қоғам-табиғат» үйлесімдік
    бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
  • Ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми
    жаңалықтарды тәжірибеде «бала-субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады.
    Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
    Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу.
    Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
    Қоғам өмірінің жаңғырып жаңаруы, демократиялық өзгерістерге бет бұруы педагог кадрларды даярлау ісіне назар аударуыталап етеді. Қазіргі жеделдету, демократияландыру, жариялылық жағдайында қоғамға жан-жақты, білімді, жоғары мәдениетті жұмысты шығармашылықпен істей білетін адам қажет. Сондықтан оқытудың сапасын жақсарту басты мақсат болып есептеледі. Ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты мұғалімнің педагогикалық үдерісті басқаруында шығармашылықты талап етеді. Мұғалім зерттеуші болуы қажет. Сонда ғана ғылыми және әдістемелік деңгейге қол жеткізеді. Оқушылардың міндеті:
  • өзінің ғылыми және мәдени деңгейін үнемі арттыру;
  • оқу, кәсіптік білімді жоспарлау;
  • оқу материалдарының жаңа фрагменттерінің мазмұнын іріктеу;
  • материал мазмұнын меңгеру бойынша кері байланысты ұйымдастыра білу;
  • бақылау және түзетулер енгізу;
  • оқу нәтижелеріне талдау жасау және бақылау.
    Педагогикалық әдебиеттерде бұл күндерде технология ұғымы жий кездеседі. «Технология» — латын сөздерінен құралған. «techne» — өнер, шеберлік «logos» — ғылым-ілім сөзінен шыққан. Яғни тура аударғанда педагогикалық өнер, шеберлік туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық технологияларды В.М.Монаховтың, Б.П.Лехачевтің, И.П.Волковтың, В.И.Клариннің, П.И.Шамбаны, П.И.Давиденконың анықтамалары бар. Ғылыми әдебиеттерде «Жаңаны енгізу» сөзі пәнге жаңа элементтер енгізетін мақсатқа бағытталған өзгеріс ретінде анықталады. Яғни, инновация (жаңаны енгізу) ғылыми идея. Ол педагогикалық үрдісті жетілдіруге бағдар жасайды. Педагогикалық инновацияның қызметі ең алдымен білім беру мен тәрбиелеудің қолданыстағы формалары мен әдістерін жете ұғынып, қайта түрлендіруді жаңа мақсаттарды қою мен оларды жүзеге асырудың тиімдірек құралдарын қолдануды болжайды. Инновациялық қызмет ұтымды білім беру технологияларын енгізу алдыңғы қатарлы және шетелдік тәжірибемен байланысын бекіту педагогтардың алдында бірнеше мақсаттарды қояды.
  1. Технологияның пайда болу тарихын, мәнін жаңа нәтижелерді толық теориялы негіздеудіпрактикада қолданғаннан кейін алған нәтиже туралы;
  1. Жаңа технологиямен қарастырылған оқу бағдарламасының модификацияланған

нұсқасын, күнтізбелік, тақырыптық жоспарлауды, әр түрлі типтегі сабақтардың жоспарын, оқу модульдерін ағымдағы және аралық қорытынды бақылауға арналған тапсырмаларды білу;

  1. Практикада жаңа технологияның әдістері мен тәсілдерін қолдана алуы, әр түрлі типтегі оқу сабақтарын жүргізе алуы, жаңа технологияны қолданудың нәтижелілігін бағалай білуі.
    Жаңа технология бойынша оқытуға көшу үрдісі орындалған жұмыстың тиімділігіне талдау жасау және өзін-өзі бағалаумен аяқталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазіргі білім беру технологиялары К.Өзтеміров, А.Айтбаева. Алматы -2006ж
  2. Педагогикалық зерттеу әдістемесі Р.Аубакирова, М.Нұрбеков. Астана 2011ж
  3. Д.Орынбасар сыни ойлауға үйрету. А 2015ж
  4. Ж.У.Кобдикова Оқытудың жаңа технологиясы. Бастауыш мектеп №3 2000ж

 

 

                                                  Қайықбаева Ақтоты Қойшыбайқызы,
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші ауыл,
№159 «Еңбекші» қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.