Home » Бастауыш » ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «Біз қазір еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттырудамыз»-деп айтқан.

Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында  24.04-12.05.2017 ж. аралығында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімдері біліктілікті арттыру курсынан өтіп жатыр. Курсқа алғаш келген күннен бастап көкейімізде жүрген көп сұрақтардың жауаптарын алып, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында жаңа мазмұнда оқыту бойынша жаңартылған білім беру бағадарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйренудеміз.

Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын үш құжатпен – оқу бағдарламасы, оқу жоспары, қалыптастырушы бағалау тәсілдерімен таныстық.          Мұғалімнің шеберлігі жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді.Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асырылады. Бұл, сондай-ақ, білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен, яғни жеңілден күрделіге қарай беріледі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып, тапсырмаларды ықшамдап құрастыру барысында көз жеткізуге болады. Оқушылардың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, сын тұрғысынан ойлануға бағыт-бағдар бере отырып, оқушылардың қызығушылығын, ынтасын арттырады.

Бағалау жүйесі де толығымен өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Оқушылардың білімі әр пән бойынша екі тәсілмен бағаланып отырады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіліп отырады, яғни оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Баға қоймастан бұрын оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні баланың функционалдық сауаттылығын арттыру болып табылады. Бағдарлама негізінде оқушы алған білімін өмірде қолдана алуы керек. Оқушылардың бойына өмірдің барлық салаларында табысты болуға қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдер тынымсыз еңбек ету керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдыретті деп санайтын білімді мұғалімдер жұмыс істей алады.

Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді.

Қарасай ауданы бастауыш сынып мұғалімдері:

Сейпишева Салима Досымбаевна

Нурумбетова Айида Маратқызы

Мейрембаева Эльмира Бакановна

Дербисалиева Жадыра Муратовна

Ондасынова Асель Куанышбаевна

Жамалова Айтолкын Сейдилаевна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.