«Қақпақ» жалпы орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұнын игерудегі кәсіби тәжірибе алмасу ықпалдастығы» тақырыбында семинар болды. Семинарға Қазығұрт ауданының барлық білім беру мекемелерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен Қазығұрт аудандық білім бөлімінің бас маманы келді. Мектептің барлық жасалынып жатқан жұмыстары көрме ретінде қойылып, семинарға келген қонақтар өз ойларымен бөлісті. Жаңартылған білім беру жүйесіне көшкен 1 ,2, 5, 7-сыныптарға пән мұғалімдері ашық сабақ өтіп, соның ішінде Ерназарова Айгүлдің 5-сыныпқа өткен «Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу» тақырыбындағы ашық сабағы өте керемет деп бағаланды. «Қақпақ» жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мамытбай Әбдісамат пен география пәнінің мұғалімі Зияда Әбдібаеваның өткен коучинг сабағы келген қонақтарды бір серпілтіп тастады. Жалпы «Қақпақ» жалпы орта мектебі ұжымы тағы да ұйымшыл, ынтымағы жарасқан білім беру мекемесі екендігін дәлелдеді десек те болады.
Жүнісова Озипа Шадырманқызы,
«Қақпақ» жалпы орта мектебінің директоры,
Қазығұрт ауданы, ОҚО