Home » Баяндамалар » Жаңартылған білім беру негізінде ақпараттық-комуникациялық технологияны бастауыш сыныптарға қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

Жаңартылған білім беру негізінде ақпараттық-комуникациялық технологияны бастауыш сыныптарға қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

Қазіргі білім беру заңының талаптары бойынша жаңаша оқыту технологиясымен жан-жақты білім беру, ғылыми – техникалық хабары бар, белсенді, іскер оқушы тәрбиелеп, оқыту жолдары іздестірілуде.

ХХІ ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек.

Қазақстанда жоғарыда сипатталған тұлғаның тәрбиелеу мен оқытуға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

Осы реформалау аясында бастауыш сыныптардағы оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, проблемаларды шешу, ғылыми зерттеу жүргізу және анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет.

Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады.

Білім беру өзгеруіне сәйкес инновациялық үдерістердің қарқындылығы артуда. Дәстүрлі үдерістен инновациялық үдеріске көшу талабы бастауыш сынып мұғалімдерінің мамандарының жаңа педагогикалық технология ауқымында әрекет жасауларына себепші болуда. Бүгінгі күндегі озық педагогикалық технологиялар арасындағы өзектілігі мен айшықталатыны – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

«Ақпараттық-коммуникациялық технология» дегеніміз – мәліметтерді әр түрлі деңгейде, әр түрлі нысанда ұйымдастыруға қолайлы, жылдамдығын бірнеше мәрте арттыруға, қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін, технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық – техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы».

Мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе «Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер – бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал.

Жаңа ақпараттық технологияның ішінде ең тиімді технологияларға: презентациялық технологиялар, оқытудың компьютерлік технологиясы, мультимедиялық технологиялар, интерактивті технология, қашықтықтан оқыту технологиясы кіреді.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Жаңа технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты тақырыптық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.

Бұл технологияның тіл үйретудегі мүмкіндіктері ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты дәлелденген, тек практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға мамандардың дайындығы арта түсуі қажет. Алдағы уақытта жоғары талаптарға жауап беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлері арта беретіні сөзсіз. Сондықтан қазақ тілін оқыту-үйрету үдерісінде бұл технологияларды ұтымды қолдану үшін оқытушылардың өз кәсіби шеберліктерін, ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктерін үнемі дамытып отыруы талап етіледі.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.

Картова М.М.,
№ 33 жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.