Home » Мақалалар » Жаңартылған  білім  беру   мазмұны – болашақтағы  сапалы  білім

Жаңартылған  білім  беру   мазмұны – болашақтағы  сапалы  білім

Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  айтылғандай  еліміздің  ең қымбат қазынасы   —  адам. Халқымыз өз ұрпағын  тәрбиелеуге әрқашан үлкен мән  берген.Баланы  жастайынан тәрбиелегенде  ғана  болашағымыз  жарқын  болатынына  кәміл  сенетін.

Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында дербес мемлекетімізде білімнің  маңыздылығы жоғары  бағаланып, барынша қолдау көрсетілуде.Мемлекетіміздің  білім  беру үдерісіне  енген  жаңартылған білім  беру бағдарламасы-заман талабына  сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын  бағдарлама. Білім  беру  жүйесі  қоғамның  әлеуметтік – экономикалық дамуында  жетекші  роль атқарады, сондай-ақ оны  әрі  қарай  айқындай  түседі.Орыс   педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі  заман  талабына сай,әр  мұғалім,өз білімін  жетілдіріп, ескі бір  сарынды сабақтардан  гөрі,жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса, сабақ  тартымды да,мәнді, қонымды,тиімді  болары  сөзсіз.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Болашақта  өркениетті  дамыған  елдердің  қатарына  ену  үшін заман  талабына  сай білім  қажет. Қазақстанды  дамыған 50 елдің  қатарына  жеткізетін  терезесін  тең  ететін-білім». Сондықтан,қазіргі  даму кезеңі  білім  беру жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісінің технологияландыру  мәселесін  қойды.Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты – бәсекеге  қабілетті  маман дайындау. Мектеп үйрететеін орта, оның  жүрегі – мұғалім. Мақтарал ауданы Жетісай  қаласындағы №119 жалпы  орта  мектебінде «Қазақстан Республикасында  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  аясында Қазақ  тілінде  оқытатын мектептердің  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  біліктілігін  арттыру  курсы»  өтті. «Өрлеу» біліктілігін  арттыру  орталығы АҚ  филиалы  педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру  интститутының «Мектепке  дейінгі  тәрбие  және  бастауыш  оқыту» кафедрасының тренері  Жорабекова Гульнур  Абдукадыровнадан 30 ұстаз тренинг дәріс  алды. Бұл  оқудың мақсатты  жаңартылған   білім  мазмұнын болашағымыз  балаларды  тәрбиелеуде   дәріс  алып  отырған  мұғалімдердің  пайдалана  білуін  дағдыға   айналдыру. Бастауыш  сынып  пәндеріне  арналған  оқу  бағдарламаларындағы  оқу  мақсаттары  білім  алушылардан  шынайы проблемаларды   анықтап  зерттей  білуді талап  етеді. Негізінен  жаңартылған  білім   жүйесі  құзыреттілікке  және  сапаға  бағытталған  бағдарлама  деп  айтып  өтті өз  сөзінде тренеріміз. Жаңартылған білім  берудің  маңыздылығы – оқушы   тұлғасының  үйлесімді  қолайлы  білім  беру  ортасын  құра  отырып  сын  тұрғысынан   ойлау, зерттеу  жұмыстарын жүргізу,тәжірибе  жасау, АКТ-ны қолдану,коммуникативті  қарым- қатынасқа  түсу, жеке, жұппен, топта  жұмыс  жасай  білу  дағдыларын  қалыптастыру  болып   табылады.Бұл  бағалау  жүйесінің  артықшылығы,  баланың  ойлау қабілетін  дамытып, ғылыммен      айналасуына  мүмкіндіктер  ашады. Бағалаудың  өзі  қалыптастырушы  және  жиынтық барлық пәндерде қолданылады. Бағдарлама  оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге  бағытталған. Жоспарда спиральді әдіспен орналасқан  және  бір – бірімен   тығыз байланыста. Қорыта  айтқанда, аталмыш  бағдарламаның  мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Білім  алушы алған  білімдерін өз өмірінде  қолдана білуін қалыптастыру. Шын  мәніндегі  ұстаз  өз  мамандығын  шексіз  сүйетін,  бала  үшін ғұмырын құдіретті деп  санайды, тек осындай  зиялы азамат қана бұл бағдарламамен  жұмыс істей  алады.Үйренгеніміз де, үйренеріміз  де  көп.

 Шаменова Жанар Кайнаровна
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтарал ауданы
Ә.Жангелдин атындағы №52 ЖОМ КММ

                                                                                  

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.