Әлемдік білім беру жүйесіндегі маңызды бет-бұрыстардың бірі оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту болып табылады.Жеке тұлғаны дамыту ол тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім беру үдерісінде ғана жүзеге асады. Оқушының жеке, даралығын ескере отырып, білім беру ең алдымен,оның қызығушылығы мен уәжіне байланысты.
Мектеп оқушысы мәртебесі 1-сынып оқушысының оқуға деген ынтасын арттыратын бірден-бір фактор. Оқудың алғашқы аптасында оқушылардың оқуға деген ынтасы мен уәжі,қызығушылығы негізінен өзіміз көріп жургендей өте жоғары деңгейде болады. Оқу үдерісінің бірітіндеп күрделенуі, бір сарынды сабақтар, ерте тұр,кеш жату, біріңғай талаптар, т.т 1-сынып оқушысының бастапқы болжамаларымен сәйкес келмей,оқуға деген ынтасының төмендеуіне алып келеді. Ғалымдар оқушы уәжі сыртқы,ішкі деп екіге бөліп қарастырады. Оқушы 1-сыныпқа келгенде оның сыртқы уәжі жоғарғы деңгейде болады.Себебі ата-анасының қолдауы,баланың жаңа ортаға деген қызығушылығы,психологиялық дайындығы сыртқы уәждің артуына алып келеді. Ал ең маңыздысы-ішкі уәж.Ішкі уәж-оқушының табысты оқуын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор.Ал уәж бен қызығушылықты қалыптастыру бүгінгі білім беру жүйесіндегі маңызды аспект болып табылады.Қызығушылықты біз,көбінесе,таным тұрғысынан алып қарастырамыз, ал уәж тікелей білім алумен байланысты болып келеді. Ендеше біздің қарастыратынымыз білім беру үдерісіндегі оқушысы уәжі. Оқушысының уәжін (мотивациясын) қарастырмас бұрын,бұл терминдердің мәнін ашып алайық.Сонымен уәж(мотив) дегеніміз не? Бұл- әрекетті қозғаушы, жеке әрекетін қозғайтын үдеріс.Уәж-оқушының танымдық қызығушылығынын қанағаттандыруды,белгілі бір білімге қол жеткізу, баланың ой-дүниесін кеңейтуге көздейді.Ресейлік ғалым Т.А.Ильина уәжді былайша көрсетеді:
1.Тікелей қозғаушы уәж:
— Мұғалімнің сұраптаған материалдары мен әдістеріне,тұлғасы мен әрекетіне тікелей байланысты;
— Оң эмоцияға негізделген еріктен тыс зейінге сүйенеді.
2.Перспективті қозғаушы уәж:
— Оқушының пәнімен байланысты,оның болашаққа деген мақсатты әрекетімен байланысты;
— Оқушының өз бейіміне орай белгілі бір әрекетке,пәнге деген қызығушылық; -Жолдастарының қолдауына ие болуға деген ұмтылушылық;
— Уәждер көбінесе,жағымсыз болуы да мүмкін, мұғалімнің,ата-ананың алдындағы қорқыныш;
— Саналы түрде қойылған мақсатқа байланысты қойылған ерікті зейінге сүйенеді.
3.Интеллектуалды қозғаушы уәж:
— Ақыл-ой әрекеті үдерісіне деген ынта;
-Сұраққа өз бетінше жауап іздеуге ұмтылу,ойлау жұмысының өзіндік үдерісінен қанағаттану;
-Мұндай уәждерді қозғау мен қолдау мұғалімге тікелей байланысты,себебі мұғалім қажетті ақыл-ой әркетінің әдіс-тәсілдеріне төселдіру керек.
Тағы бір ғалым А.К. Маркова уәжді ішкі және сыртқы деп бөліп көрсетеді. Сыртқы уәжді әрекетке қатысы жоқ,ішкі уәж оқушы әрекетімен байланысты деп қарастырады. Сыртқы уәж оқушыда сыртқы күштердің (ата-ана,мұғалім)қысымымен болады да бақылаусыз әрі үлкендердің қадағалауынсыз іске аспайды дейді,ішкі уәж үдеріс пен оның нәтижесіне деген ынта,қандай да бір қасиет пен сапаны дамытуға деген ұмтылушылық, шешім табу үдерісе деген қызығушылық,анағұрлым тиімді тәсілдерді табуға деген талпынушылық деп тұжырымдайды. Сыртқы уәжді әлеуметтік,ішкі уәжді танымдық деп те атайды. Оқушыларды уәждеу тәсілдерін еурепо ғалымдары да сыртқы және ішкі деп бөліп қарастырады. Алайда,оларды қатаң түрде екіге бөліп талдағаннан гөрі,ажыратуға келмейтін біртұтас ретінде қарастырған орынды болар. Ғалымдар ішкі уәж іштен шығып жатады немесе жеке тұлғаның өзінен туындайтын,бастау алатын уәж әдетте сыртқы уәжге қарағанда бұл анағұрлым рақымды,ізгілікті табыс деп есептеледі. Оқушылар оқудан ләззат алып,оны қызықты деп санағандықтан,оқуға белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуін ішкі уәждің мысалы ретінде келтіруге болады. Дегенмен,з ерттеулер көрсетіп отырғандай, сыртқы уәжді қолдану ішкі уәжді бәсендетуі ықтимал. Әдетте пән мұғалімдері топтық оқу түрін жиі қолданады. Бірақ кейбір кездерде топтық оқу түрлері ешқандай да мақсатқа жеткізбеуі мүмкін. Сондықтан да сыртқы уәж оқушының ішкі уәжіне кедергі келтірмеуі керек.
Сонымен оқушының сыртқы уәжін қалыптастырудың негізгі аспектілері:
-жағымды психологиялық ахуал;
-оң позитивті қарым-қатынас;
-сыртқы марапат,мадақтамалардың болуы
-оқушылардың дербестігі,ешкімге тәуелді болмауы.
Сыртқы уәжді тудыратын бұл аспектілер аса маңызды болып табылады.Бұл кез келген сабақтың негізін құрап береді. Сыртқы уәждерінде ішкі уәж қалыптасады.Ішкі уәжді тудыратын жағдайлар:
— сабақ мақсатының дұрыс құрылымдауы,оқушыға,анық,түсінікті әрі бірлесіп құрылуы;
— оқушының ынтасы мен қызығушылығы,жас ерекшелігін ескертуі;
— әдіс-тәсілдердің дұрыс әрі тиімді түрінің таңдалып алынуы;
— оқушылардың алған білімдерін тәжірбиеде қолдануына мүмкіндік тудыруы;
— меңгерілетін тақырып аясында оқушылардың өздігінен міндеттерді қоя және шеше білуге мүмкіндіктің берілуі.
1-сынып оқушыларының әлі де 6-7 жастағы балалар екенін ұмытпауымыз керек. Балалар осы жастағы психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес олар жылы сөз, мақтауға құштар болады. Сол арқылы өздеріне деген сенімдері артады, ересектердің қолдаулары мен құптаулары олар үшін маңызды болып табылады. Енді өз тәжірибеме сүйенетін болсам:
- Сабақ мақсатын айқын белгілеу,оқушылардың күтілетін нәтижеге жетуін қамтамасыз ету;
- Әр сабақта оқушылардың ішкі уәжіне түрткі болатын тиімді оқу мен оқыту тәсілдерін жүйелі түрде қолдану;
- Белсенді оқу тапсырмаларымен оқушылардың басым көпшілігін қамту;
- Әр оқушының жеке даралығын ескеру, қажет оқушыларға дер кезінде көмек көрсету.
Бұл факторлар бүгінгі жаңарған білім беру мазмұнына сай өткізілетін сабақтардың негізгі өзегі болып табылады.Бұл факторларды ескермейінше бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың уәжін тұрақты түрде дамыта алмайды. Ал уәж-оқушының табысты оқуын қамтамасыз ететін басты фактордың бірі деп ойлаймын.
Қабытаева Хадиша Барбасқызы,
Павлодар облысы Ертіс ауданы
№3 Ертіс жалпы білім беру
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі