Home » Мақалалар » Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері

«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын

жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.»

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол білім беру заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады.Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:
— заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:
— жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
— шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
— өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
— өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Қазіргі таңда мектептерде жаңартылған бағдарлама бойынша ағылшын тілі 1-ші сыныптарда оқытылуда. Негізінен ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.  Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясына байланысты. Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту және сабақта ойын түрлерін қолдануы керек. Өйткені, ойын – көңіл-күй, ойлау күштерін талап ететін, ұйымдастырылған сабақ болып табылады. Әр кез ойын шешім қабылдауды ұсынады, себебі, жеңіске жету мақсаты болады. Осы сұрақтарды шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Пән бойынша алған білімі емес, тіл бойынша дайындығы төмен оқушылар ойында алдыңғы, бірінші болуы мүмкін, себебі, олардың тапқырлығы, жинақтығы ойын барысында көрінеді. Мысалы 1сыныпқа арналған бір сабағымды алып көрсетсем, «About myself» яғни, өзін және отбасымен таныстыру. Бұл тақырыпта оқушы отбасы мүшелерімен танысады. Танысу барысында “This is ” құрлымымен және “my” есімдігімен толықтай меңгеріп шығады. Сондай-ақ бұл құрлымдарды оқулыққа арналған дискіден оқушылар тыңдап, қайталап және көзбен көріп сөйлей алуға дағдыланады.

Қарым-қатынаста қабілеттерін дамыту үшін өлеңдер қолданылады. Әндердің  оқушылар үшін  қызықтылығы  мынада: олардың не жайында айтылатында, қандай әуен түрінде орындалатындығы. Әндер оқушыларға бірдеңе жайлы хабар береді, қызықтырады, яғни қарым-қатынаста бірінші орынды алуға итермелейді. Бұл жағдайды оқушылар шығармашылық жұмыс арқылы, яғни отбасы мүшелері суретін салып және жазып, басында түсіндірілген құрлымды қолданып айтып шығады. Бұл жерден оқушылардың толық жұмысқа қамтылуы байқалады. Осыдан келе сурет салу барысында ән қосымша орындалса, оұушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа деген ынталары, қызығушылықтары молайады. Осы оқулықтан көретініміз, әр тақырыпқа ән бірге берілген және сол әннің бейне баяныда бірге берілген. Оқушылар әндерді үйрену барысында, жаңа ақпараттар алады, шығармашылық қызығушылықтарын  қалыптасуына септігін тигізеді. Мысалы, оқушылар, өлеңді үйрену барысында, дене мүшелері мен сезім мүшелерінің, ағылшын тіліндегі атауымен танысады. Эстетикалық мотивация жайлы айтпай кетуге болмайды. Әсіресе, эстетикалық мотивация-ойлауды дамытады, көңіл-күй, ойлау, жағымды сезімдерді қалыптастырады. Бұлардың барлығы оқушылар шет тіліндегі өлеңді сүйіп қызығушылықпен орындаған жағдайда ғана жүзеге асады. Тілді үйрету үрдісінде әндер-дәстүрден тыс мерекелік элемент ретінде білім алушылардың эмоционалды ортасына (кеңістігіне) өз әсерін тигізеді. Өзге оқыту барысында тіл шығармашылығын әуен түрінде қолданғанда, материал тез жатталып, шаршағандарын басады.

Әндерді орындау мынандай қабілеттерді арттырады:

— айту дағдыларын жетілдіреді, дауыс ырғағы және ырғақ артикуляциясындағы нақтылықты жетілдіруге мүмкіндік береді, шет тілі бойынша тілін, сөздік қорын байытады,

— тыңдалым, оқылым дағдыларын, біліктілігін арттырады.

— монологтық, диалогтік айтылуларды қалыптастырады.

— сөйлеудің дайындалған, еркін түрін дамытады.

Оқу материалдарының мазмұнын іріктеу барысында тез жатталатын, эмоционалды, бояуы қанық материалдарды алғаны дұрыс.  Сабақ материалдарына нақты кейіпкерлерді енгізген жөн. Жұмыс барысында оқушылармен, оқулықтағы мәтіндерді ғана қолданбай, мұғалім бейнесабақтарды қолдануға мүмкіндігі бар. [2,55б] Ағылшын тілі сабағындағы диалогтар жаңа сөздерді игеруге көмегін тигізуде, нәтиже көрсеткеніндей коммуникативтік әдістер – оқушылардың сабақ барысындағы сүйікті ең көп қолданылатын әдістерінің бірі.

Жас ерекшеліктерін ескере отырып, көп күш түсірмейтін тапсырмалар беруі қажет. Бастауышта ағылшын тілі оқыту кезеңінде әр сабаққа билер және әр түрлі қозғалыс түрлері қолданылады (сергіту сәттері). Бұларды қолдану барысында әрбір оқушыға тілдік материалды сақтау мақсаты қойылады. Өлеңдердің шумақтарын, тармақтарын қолдану күнделікті тәжірибеде негізгі грамматикалық үлгілерін сақтауға септігін тигізеді. Сонымен бірге, оқыту үрдісінде пәнге деген қызығушылығын арттырып, тартымды ойындарға ұласады. [3,30б.]

Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы – замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Осыдан келе, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. [1.28б]

Жетписбаева Кунсулу Абаевна,
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім
беру мектеп-интернатының ағылшын тілі мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.