Көптілді білім беруге негізделген оқу бағдарламасы талаптарына сай оқушылармен жүргізілетін жұмыстар, олардың қызығушылығы мен ерекше қабілеті көптеген жағдаяттардан шығуға, танымдық қабілеттерді өз бетімен жасай білуіне негізделеді және көптілді білім беруде білімді, бәсекеге қабілетті, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін бір уақытта меңгерген, тілдік құзыреттіліке ие, халықаралық білім кеңістігінде қабілетті жастарды дайындау мақсаты көзделген. Осы негізде әлемдік білім деңгейін, бәсекесін арттыру негіз болып табылады және ұстаздардың шығармашылықпен жұмыс істеуі оқушылардың білім деңгейін оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге дейін көтерер тиімді жол болып табылады. Өйткені осы негізде әр мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауы оқушылардың сөздік қорын молайтады, логикалық ойлау қабілеті мен тілін дамытуға көмектеседі, таным белсенділігін арттырады да өз бетімен білім алуға ұмтылдырады, талдап, саралап зерттеушілік деңгейге жеткізеді, өзін-өзі тануына және жеке тұлға ретінде танылуына жол ашады, ұстаз-оқушы – ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан көптілді білім берудің шығармашылық бағыттағы білім мазмұнында оқушының өзіндік ойлау қабілеттерін, жеке көзқарастарын дамытуға тірек болар негізгі өзекті тауып, барлық ұғым-түсініктерді соған сәйкестендіре жүйелеу қандай маңызды болса, оқу процесінде де білімді өздігінен меңгеруіне, өзіне деген сенімділігін арттыруға, әртүрлі өмір жағдаяттарына дұрыс жол табуға бағытталған жұмыстарды үйлестіре жүргізудің де мәні соншалықты үлкен. Сондықтан да көптілді білім беру жүйесінде мынадай әдіснамалық ұстанымдарды басшылыққа алған жөн:
- Білімді қоғамның сұранысымен байланыста қарастыру
- Білімді оқушының өміріне ең қажетті біліктіліктерін жетілдірудің негізі ретінде жүйелеу
- Білімді оқушының дүниетанымының, болмыс мәдениетінің, іскерліктерінің дамуының негізі ретінде қолдану.
Тереңдетілген сабақтарды көптілдікте оқытуда мұғалім біліміне қойылатын талаптар:
- Өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу.
- Оқушылардың қабілетін, дарындылығын зерттей білу.
- Оқытудың жаңа технологияларын білу.
- Оқушыларды деңгейлеп, саралап оқытуда олардың өмірге бейімделуін, өздігінен ізденіп білім алуға жетелеу жолдарын қарастырып жоспарлау.
- Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар қарастыру
- Мұғалімнің үнемі өзіндік білім көтеру мен іс-тәжірибе алмасу арқылы білімін жетілдіріп отыру
Білім беру мазмұны оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттерінің вариативтілігін, кіріктірілген оқу курстарын енгізуді, мектептің бейіндік оқыту бағыттарын, оқушының- курстар құрамын таңдау мүмкіндіктері қарастырады.
Бейіндік оқыту жүйесінің үйлесімділігі аралас оқу пәндерінің (курстар) есебінен қамтамасыз етіледі және оқу мазмұнының элементтерінің келесідей типтерін: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер (инвариантты компонент), жалпы білім беретін бейіндік пәндер және таңдау бойынша міндетті пәндер (вариативті компонент), таңдау бойынша курстар (оқушы компоненті) енгізеді.
Бейіндік оқыту бағыттарына сәйкес оқу ұйымы бейіндік оқыту бағыттарын өздері ұйымдастырады. Бейіндік оқыту мазмұны бейіндік мазмұндағы пәндер, таңдаулары бойынша міндетті пәндері мектеп компонентінің және қызығушылықтары бойынша курстары оқушы компоненттері жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша іске асады. Бейіндік және міндетті пәндер мен қызығушылықтары бойынша курстарының қисындастырулары арқылы кен көлемде бейіндік оқыту ұйымдастыруға болады.
Көптілді білім беруде пән болмысын оқушыларға жеткізу педагог шеберлігіне де байланысты, сондықтан да білім жүйесінде жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі бүгінгі ұстаздарының басты мақсатына айналып отыр. Ал осы мақсаттарды іске асыру үшін мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің маңызы зор. Сондықтан да мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілеті, икемділікті көре білу, оқу материалын саралап оқытуды қолдану дидактикалық материалдарды мақсатты жүйелі және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай аудиовизуалды және аудиолингвалдық, репродукті оқыту, эвристикалық оқыту, демонстрациялау әдістерін тиімді пайдалануы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- ҚР-сында білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2016ж
- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2014 ж
3.Интернет сайттары: www.ustaz.kz, www.bilimdiler.kz
4.Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
Бейсенова Шакизат Аманжоловна,
Қызылорда қаласы
Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернат директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.