Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырып дамыту үшін оның мүмкіншілігі мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып дамытса оның нәтижесі де соншалықты жемісті болады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын кіші жастағы балалармен жұмыста пайдалануға болады.
Үш тілде оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылымның түрлі құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.
Демек, оқытуда жаңа технологияларды қолдана отырып, тілді терең және жан-жақты игерудің ойлау қабілеті мен шығармашылық әрекетін дамыту жолдарын қарастырған абзал. Біздің басты мақсатымыз – әр сабаққа балалар қызығушылығын оята білу, танымдық қасиетін жетілдіру, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру, жаңа инновациялық технология элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты білімді, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
М.М. Тогатай
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесінің»
кафедрасының аға оқытушысы