Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) 2014 жылы өткізген Қазақстандағы орта білім беруге жасаған шолуында академиялық пәндер теорияға назар аудара отырып оқытылады, олардың практикада қосымша қолданылуына жеткілікті көңіл бөлінбейді, осының салдарынан білім алушылар жеткілікті дәрежеде алған білімдерін стандартты емес жағдайларда тиімді қолдануға және пайдалануға қабілетті емес деген қорытынды жасалған. Жалпы алғанда, мектептің білім алушылары пәндік сапалы, нақты айтсақ, дәйекті білім алады, бірақ оларды өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдылары жоқ. Дәстүрлі оқыту қазақстандық мектепте білім алушылардың академиялық білімдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді, бірақ сол білімді өз бетімен алуды, талдауды және оларды тиімді пайдалана білу үшін дайындаймайды. Отандық білім беруде дәстүрлі оқыту жүйесінен ауысу әрекеті бірнеше рет болғаны рас, бірақ жекелеген фрагментті өзгерістерді енгізу кезінде ол ескі білім беру мазмұнына сәйкестендірілді. Бұл оқу процесінің шамадан тыс болуына және дайын ақпараттың үлкен көлемде берілуіне алып келді. Әлі күнге дейін білім алушы білімді енжар «алушы» болып қалып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан мектептерінде білім берудің жаңа бастау алу сатысында. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық дамыту мен жаңартылған мазмұнға көшу басты басымдықтар болып тұр. 2017-2018 оқу жылында жаңа бағалау жүйесіне 2, 5, 7 сыныптар көшті. 2-сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасып отыр. Оның негізгі мақсаты сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қоршаған әлеммен тиімді өзара әрекет етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдына ала белгілі және нақты критерийлер бойынша объективті бағалау болып табылады.
Сол себепті мектеп үйлестірушісі ретінде жоспарыма сәйкес жаңа оқу жылында мектеп ұжымын 1,2,5,7 сыныптарының жаңартылған білім беру жүйесімен таныстыру мақсатында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында 1,2,5,7 сынып пәндерін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында оқыту-семинар өткіздім. Мақсаты. жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы 1,2,5,7 сынып пәндерін оқытудың ерекшелігімен, оқытуға қойылатын жаңа талаптармен таныстыру. Мұғалімдерді жаңартылған білім беру мазмұны ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ және кодтық белгілерімен ( 1. 2 .1 .4 . Сынып Бөлім Бөлімше О/М реттік саны), оқыту — әдістемелік кешендер, сынып журналындағы өзгерістер (электрондық журнал), оқушылардың күнделігіндегі өзгерістер және талапқа сай нормативті құжаттар туралы мектеп ұжымына толық ақпарат берілді.
2 «А» сынып жетекшісі Л.Жамбайбек жаңашылдықпен жұмыс жасайтын мұғалім-практик ретінде қосымша ақпарат беріп 5-7 сыныпта сабақ беретін мұғалимдерге тиімді тәсілдерди түсіндирип өзі жинақтаған құжаттарын көрсетті.
Сонымен қатар «Қалыптастырушы бағалауды сабақ үрдісінде тиімді бағалау» тақырыбында облыстық семинар өтіп, қалыптастырушы бағалау туралы мұғалімдердің түсініктерін кеңейтіп, сабақ үрдісінде қалыптастырушы бағалауды пайдалану арқылы сыныптағы оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған мәселелерді қарастыруда іс-тәжірибемен бөлісіп, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс түрлеріне бағыт-бағдар берілді. Мұндағы күтілетін нәтиже: оқушыларды өз беттерінше білім алуға үйрету, оқыту үдерісін жандандыру.
Каскарауова Алия Мадигалиевна,
Алматы облысы, Қарасай ауданы
«М.Маметова атындағы орта мектебі» ҚММ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары