Қазіргі таңда педагог шешім қабылдауға қабілетті және ғылымдағы өзгерістерге тез әрекет ететін, кең жалпы және арнайы білімді игеруі тиіс. Осының бaрлығы бүгінгі күні адам өмірінің барлық салаларына күнбе күн енгізілуде. Сондай-ақ оған әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, кәсіби құлшыныс, мұрат, құндылық, адамгершілік әуестілік, сыни тұрғыдан ойлауы, мәдениеттіліктің жоғары деңгейі, тұлғааралық қатынастың, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі реттеудің заңдылықтарын білу де маңызды рөл атқарады десек қателеспейміз.Осы мәселелерді теориялық тұрғыдан түсіну педагогтердің кәсіби міндеттерін практикалық жолмен шешуді жүзеге асыруға жол ашады. Осының негізінде тәжірибе барысында педагогтердің біліктілігін арттырудың негізгі қағидасы айқындалады. Олар: aдамгершілік, білімділік, кіріктірушілік, педагогикалық білімнің кезеңдері мен сатыларының үздіксіздігі мен бірізділігі, мазмұнның оралымдылығы, білім беру үдерісінің технологиясы.
Дaмығaн елдердің білім беру жүйесінде мынaдaй тенденциялaр бaйқaлып отыр: білім беру философиясы мен әдіснaмaсының жaңaруы; білім беру мaзмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген үлгілердің жaсaлуы; білім беруді бaсқaрудың тиімді жолдaрының қaрaстырылуы; оқушылaрдың тaнымдық белсенділігі мен өзіндік ойлaуын қaмтaмaсыз ететін дaмытушы ортaның құрылуы. Әлемдік білім беру жүйесіне негізделген осындaй бaсым бaғыттaр ұрпaқты озық, сaнaлы дaрa тұлғa деңгейінде қaлыптaстырaды деуге болaды. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Елбасы Жолдауындағы «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың негізі мектепте қалануына педагог кадрлардың біліктілігін арттырудағы маңызды да игі істердің бірі болып отыр. Орта білім беру жүйесінде «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру педагогтер үшін жеке тұлғаның дамуына ықпалын тигізетіндей игілікті істер мен қолдаудың қажеттілігі маңызды орын алуда [1, 12].
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтің шығармашылығын дамыту үздіксіз үдеріс ретінде қарастырылады. Педaгогикалық білімнің әр кезеңінде жаңа тәсілдерді сапалы игеру, сол сапаларды өз тәжірибесінде тиімді қолдану педагогтің өзіндік кәсіби біліктілігінің шыңдауына бағытталады. Жaлпы педагогтің шығармашылығы жоқтан туындамайды, ол өте кең және өзіндік ерекше сипаты бар даму кезеңдеріне сәйкес жылжу көрсеткіші бар үдеріс: өзіндік түсінігі бар білімді қолданудан білім беру үдерісінде мүлде дәстүрлі үйреншікті көзқарасын өзгертетін жаңаша амалды қолдану. Осы орaйда біліктілікті арттыру барысында педагогтің шығармашылығын дамыту – бұл жинақталған білімді игеруден басталып, тәжірибесін жаңaртып, өзгеріс енгізу және сындарлы оқыту теориясының мәнін түсінудегі үрдіс болып табылады десе де болады. Жаңа формация мұғалімінің бойында мәселені көре білу, ойлаудың ерекшелігі мен икемділігі, қиялындағы сипaттай білу қабілеттілігі, сыни ойлауға және өзіндік бағалау деңгейі басым болуы керек. Осындaй бірлік компоненттеріне бағытталған біліктілік арттыру жүйесіндегі әрекет мұғалімнің кәсіби дамуындағы міндеттерді шешу үшін қажет деп ойлaймын. Педагогтерге жаңартылған блім беру бағдарламасының басымдықтары мен іске асырудың бірнеше қадамдары айқындалып отыр. Бағдарламаның мақсатында көрсетілгендей мектептердегі пәндер бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру көзделіп отыр.
Міндеттеріне пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру, педагогикалық тәсілдерді түсіну және қолдана алуды көздеген.
Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек [2, 4].
Жаңартылған білім беру бағдарламасының алғышарттары НЗМ халықаралық озық тәжірибені оқыту және оқу үдерісіне енгізу және НЗМ инновациялық білім беру тәжірибесін, соның ішінде білім беру бағдарламаларын мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары арқылы іске асырылып келеді.Соның нәтижесінде қазақстандық педагог қауым осы уақыттар аралығында өз біліктіліктерін жетілдіріп, тиімді оқыту мен оқу, жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруда жоспарлау мен ресурстарды тиімді жасауды, спиральді білім беру бағдарламасының күрделілігін жоғары деңгейде қалай дамыту жолдарын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, педагогтер курс барысында оқытудың мақсаты Оқушы нені білуі керек? Оқушы не істеуі керек? Оқушы нені түсінуі керек? Нені қолданатыны жайында білудің маңыздылығын өзара талқылау барысында белгілей алады. Баланың білімі әділ бағалануы үшін критерий құру арқылы бағалау жүргізудің тиімділігін, критерийдің балаға әсерін, критерий кезінде бала ізденетінін, талпынатынын және мұғалімнің бойында ұстамдылықтың болуын өзекті мәселелердің бірі деп санаймыз. Мұғалімдер бағалаудың мақсаттарын, оқушының алға жылжуын қадағалау, өзін-өзі реттеу арқылы оқитынын және дәстүрлі оқыту кезінде бағалауға онша мән бермейтіндіктерін алға тартып отырады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының стандарты жиынтығы функционалдық сауаттылықты қамтамасыз ететін дағдылардың кең спектрін дамыту бойынша үздік халықаралық тәжірибеге бағытталатын болады.
Оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді қамтитын болады.
Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтар мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз етуге бірыңғай әдіснамалық тәсілдеме әзірленетін болады [3, 4].
Курс аясында тыңдаушылар оқу бағдарламысының және оқу жоспарларының құрылымын талдауда факт, идея, әрекет және сұрақ қою арқылы өрбітіп, келесі қадамдарын айқындап отырды. Сонымен қатар, тиімді оқыту мен тиімді оқудың тәсілдерін қарастыруда белсенді оқу, бірлескен әрекет, саралау, оқушылардың қаджеттіліктерін қанағаттандырудың қадамдарын және белсенді оқытудың тиімді жолдарын өзара топтық және жұптық жұмыстар арқылы бірлесе шешіп, шешімін таба алды. Топтық жұмыстар барысында өзара сөйлеу мәнерін, сұрақ қою біліктілігін, жауап беруін, тыңдау мәдениетін сақтауын басқа топтағы әріптесінің пікірін бағалау және бағалау туралы пікірі мен белсенділігін анықтау арқылы жұмысының сәтті кезеңін, тапсырмалардың өзгешелігін, сабақ бойынша пікірін, сабақтан алған әсерлерін білдіріп отырады.
Тізбектелген сабақтар бойы тыңдаушылардың сыни ойлауын шыңдай отырып, өз тәжірибесінде оқушылардың тақырыпты меңгерту кезінде талдау, дәлелдеу, сараптау, қорытындылау, өзіндік іздену кезіндегі сыни ойларын дамыту үшін жүргізілетіндігін түсіндіруді жоспарлау барысында үнемі ескеріліп отырады.
Білім беру мазмұнын жаңарту курстарының тағы бір ерекшелігі спиральді білім беру бағдарламасы жайлы түсініктері кеңейіп, жете талданып қаншалықты қажет екендігіне көз жеткізе алады.
Жалпы педагогтердің құзыреттілігін арттыруда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгертуді, шығармашылық тұрғыда өз ойларын еркін жеткізуді, курсқа дейінгі білімі мен жаңа білімді салыстыра отырып шешім қабылдауға дағдыландырып келеміз. Осындай курсты тиімді де, әр мұғалімнің қабілетін ескеріп, тапсырмаларды түрлендіріп отырушы, күнделікті сабақтан соң өзіндік талдауды түрлі тәсілдермен білімдерін жетілдіріп, әрбір сессиядан соң рефлексивті минуттар арқылы іске асып отырады.
Білім беру мазмұнын жаңарту курстарындағы ұтымды жұмыстардың біріне тоқталар болсақ:
- топқа бөлу әдісі арқылы интерактивті үдеріске қатысушыларды бір-бірімен араластыру, сабақтың өтуіне ыңғайлы жағдай жасау ескеріледі;
- тренинг өткізуді ескеру барысы қатысушыларды дұрыс ұйымдастыру, «қауымдастық командада белгілі бір мақсатта және алға қойған міндеттерді жұмыла орындауға мүмкіндік беру;
- тапсырмадан тапсырмаға өту ол алдыңғы тапсырмадан келесі тапсырмаға өту кезеңдерінде логикалық байланысты қамтамасыз ету және негізгі тұжырымдарды бекіту арқылы іске асады;
- оқытудың белсенді формалары немесе оқыту үйрету ойындарын өрбітудебағыттаушы сұрақтар мен тапсырмалар, бағыттау парақтар, сілтеме көрсеткіштер, «шынжырдағы үзбелер», жеке-топтық жұмыс формасы, сиқырлы сандықша, «аукцион» оқыта үйрету ойыны, кеңесші, сарапшы, қорғаушы, бақылаушылар рөлдерін анықтау арқылы іскеасыру;
- оқыту сапасын бағалау кезеңі өзара қарым-қатынасты, аудиторияны басқаруды, тапсырманы орындаудағы мақсатты айқындау және тыңдаушылардың белсенді қатысуға итермелей үшін әдістерді тиімді жобалау ескеріліп отырады;
- тренер мен мұғалім арасындағы рефлексиялық кезеңдерді үнемі ескеріп, өзара кері байланыс орнатудың тыңдаушылар үшін орын өте ерекше деп айтқым келеді.
Бағдарламада қарастырылыған күрделі үдерістің бірі критериалды бағалау моделін жете түсіну арқылы бағалаудың қағидаттары шынайылылық, сенімділік ықпал, қолайлылық ұғымдарын әр қағидаттың бағалау үдерісіндегі рөлін анықтап, критерий құру арқылы бағалаудың әділ, нақты өлшемдермен бағаланатындығында. Сонымен қатар келешекте қалыптастырушы бағалаудың қаншалықты маңызды екендігіне және мұғалімнің ықпалы мен әдісті тиімді жүргізе алғанда ғана білім сапасының жоғары деңгейде болатындығына сенімді болды. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында келтірілген оқу мақсатарын, іс-әрекеттерді, кері байланыс арқала оқушының білімін бір саты болса да алға жылжытуға болатындығын тәжірибелік жұмыстар арқылы меңгеріп, оқыту үдерісінде өзін және өзара бағалаудың стратегиялардың тиімділігін ажыратып:
- оқушылар өздерінің не түсінгендері жайлы ойлана алатынын;
- оқушылар жариялы түрде сыныптасынан не үйренгендігін айта алатындығын;
- оқушылар өздерінің жұмыстарымен салыстыра отырып, өз жұмысының ұтымды тұстарын айта алатындығын;
- оқушыларға өздерінің жұмыстарының ұтымды және түзету енгізетін тұстарын анықтауға мүмкіндік алады маның орындалуын басқа қырынан көре алатындығын;
- оқушылар өнімді анықтай отырып, ерекше түсінік, дағдыларға машықтанатындығына;
- сыныпта өзара конструктивті қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туындайтынын;
- зерттеу дағдысын дамытуға және мұғалімнен тәуелсіз оқуға мүмкіндік туындайтынын және қызықты тапсырмаларды орындауға ұмтылатындығын топтық жұмыстар арқылы өзара талдап, көз жеткізді.
Тәжірибе барысында тапсырмалар мен жаттығуларды талдауда мұғалімдерге өз тәжірибесімен салыстыру, проблеманы шешуде өзіндік көзқарастарын дәлелдеуге, дайын жауап бермей ізденуге, оқытуда әдіс-тәсілдерді түрлендіру жолдарын қолдануға дағдыландырға болады деген ойдамыз. Тренингтерді түрлендіріп отыруды, әр мұғаліммен тығыз жұмыс жасауды, сыни тұрғыдан ойланту үшін сұрақтарды өрбітіп отыруды, АКТ- ны толық меңгеруіне, өз жұмысына рефлексиялық талдау жасай білу жолдарын меңгертуді міндетті түрде назарда ұстауымыз қажет.
Жалпы білім беру мазмұнын жаңарту арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіріп «Кәсіби құзыретті мұғалім» атағына жеткізе алсақ оқытушылардың да мерейі үстем боып, әр педагог «мінсіз оқушы» бейнесін жасап бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығарары сөзсіз.
Шаукерова Светлана Нәбиқызы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, филология магистрі,
«ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған
облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ,
СҚО, Петропавл қаласы
ӘДЕБИЕТТЕР:
- Қaзaқстaн Республикaсындa білім беруді және ғылымды дaмытудың 2016–2019 жылдaрғa aрнaлғaн Мемлекеттік бaғдaрлaмaсы.–[Электрондық ресурс]:http://adilet.zan.kz.
- Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын апробациялау мониторингісі және механизмдері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 109 б.
- 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 368.