Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, жан-жақты дамытуға, адамгершілік нормаларды қалыптастыруға бағытталған. Әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің негізі болып табылады. Білім беру үдерісін бүгінгі заман талабына сай жаңаша ұйымдастыру, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануды көздеп отырғаны белгілі. Жаңартылған білім беру жағдайында балалардың бойына жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын ортаға сала алатын, дербес ізденіс нәтижесінде ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Еліміздің болашағының жарқын болуы өскелең ұрпағымыздың қолында. Ал, бүгінгі таңда ұрпағымыздың жан-жақты, терең ойлы, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден — бір жолы – балаларды шығармашылыққа жетелеу. Бұл әрбір педагогтан терең біліктілікті қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруде оларды болашақ еліміздің тірегі етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр білім ошағының салаасында өзгерістерді талап етіп отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Мен білім беру жүйесіндегі іс жағдайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет деп санаймын»; «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды осы заманғы білім беру жүйесі қажет», -деп атап көрсетті Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, балалардың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайту. Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы.
Шерімбетова Гүлбибі Жолдықожақызы,
«Нұрбесік» балабақшасы КМҚК-ның
жоғары санатты меңгеруші,
Қызылорда облысы