Home » Мақалалар » Жаңартылған білім беру – болашақтың кепілі

Жаңартылған білім беру – болашақтың кепілі

 Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.

Казіргі заман талабы болашақ ұрпағымызға – жаңаша білім беру, жаңаша тәсілдер арқылы балаларды болашаққа деген көзқарастарын дұрыс қалыптастырып, әлем елдерінің қатарынан көріну. Ал болашағымыздың жарқын болуы – бүгінгі мектеп қабырғасындағы оқушыларымыздан басталатыны сөзсіз. Біздің болашағымыз – бүгінгі оқушы.

Халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білім-ел қазынасы. Біздің жaн-дүниемізде, oқыту мен білім беpудегі ұмтылысымыз, өзімізде жетіcпейтін қaжеттілікті тaбуымызғы мүмкіндік беретініне көз жеткіздік. Жаңартылған білім мазмұнымен тaныcқaннaн ұнaғaны — oның мәні, мaқcaты, нәтижеcі-бapлығы бaлaғa, тек қaнa бaлaғa бaғыттaлғaнын аңғардық. Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында деп тегін айтылмаған. Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Тәуелсіз еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын — ұстаз екендігін айта келе, біздің басты мақсатымыз-білім сапасына мән беріп, білім сапасын жақсарту.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер білім беру жүйесін қайта қарау қажет керек екенін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе. Болашақ ұрпақты сан көрсеткіші емес, сапалы жеміс беретініне мән беріп, тәрбиелеуде барлық мұғалімдерді ойлантатын мәселе болып отыр.

Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Уақыт алға жылжыған сайын мұғалімнің оқыту шеберлігі, жаңа әдіс-тәсілдері өзгеруде.

Балалардың сапалы білім алуына, өзгермелі ортаға тез бейімделе отырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға және өмірде аяғын нық басып, алдына мақсат қойып оны шешуге мүмкіндігі бар тұлғаны дамытуға жағдай туғызу біздің басты міндетіміз деп түсінеміз. Жаңа білім беру жүйесіне енген өзгеріске мойын бұрып, оң көзқарасты дамытып, алдымызда отырған баланың тереңнен ойлауына, өздері ой қортынды таңдау құқығына мүмкіндік беру керек деп ойлаймыз.

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман»,- деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатқандығы баршамызға аян. Жеке тұлға яғни, дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы екені рас. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асырады. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, жаңашыл әдіс-тәсілдер, озық үлгілерін дамыту жалғасын табатын ұстаздарымыз көп болатынына сеніммен қараймыз.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру — оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі таңда оқушыларға жаңартылған білімді бере отырып, жаңа инновациялық әдістерді ұстаздар қауымы кенінен қолдануда.

Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына көп көңіл бөліп келеді. Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар — соның дәлелі.

Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?

Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін келесі маңызды салаларда айтарлықтай өзгерістер орын алды:

-экономика; -адамдардың өзін өзі басқаруы; -қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы; -еңбек нарығының құрылымы; -шекарамыздың ашықтығы; -еліміздің азаматтарына ашылған мүмкіндіктер кеңістігі; -оқыту мен үйретудің анағұрлым нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.

Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол:

-әлем стандартына сай білім беру;

-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;

-табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;

-әлем азаматын тәрбиелеу;

-тәжірибелік дағдыларды дамыту;

-функционалдық сауаттылықты арттыру;

-мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты мен міндеттерін айқындады. Айта кететін болсам, бағдарламаның мақсаты:

Бағдарламаның міндеттері:

-бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдараламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып табылады, себебі:

-оқушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш білім беру мазмұнына, оқушылардың ең жоғары жүктемесіне қойылатын талаптарды айқындайды, мөлшерлейді:

Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдайға көшу дегенді білдеріді.

Стандартта белгіленген жаңа мазмұн, оқушылардың сыни, шығармашылық тұрғыда ойлау дәрежесін дамытуды көздейді. Өзі оқытатын пәні аясында мұғалімнің зерттеуші позициясында болуы тек осы пәнді оқытумен шектеліп қана қоймай, оның басқа пәндермен байланысын қарастыруды, жаңалықтар қалай ашылғандығы туралы білімді ұсынумен, пәннің негізін қалаушы ғалымдар туралы білімді жеткізумен шұғылданғанда ғана мүмкін болмақ. Бұл өз алдына мұғалімді білімді ұсынушы ғана емес, сол білімді бірге жасап, өзін де оқушы деп тануына әкеледі. Осындай әрекет өмір бойы білім алу дегенді білдіреді.

Құрамында мұғалім де, оқушы да бар осындай ізденуші топ «білім алушылар қауымдастығына» айналады. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың кілті осы қауымдастықтың қолында болмақ. Өз күшіңмен табылған білім, өз табандылығыңмен дәлелденген шындық өміріңде пайдалы болатындығы сөзсіз екендігін талай ғұламалар айтып та кеткен.

Қорыта айтқанда, міндет ауыр, мақсат айқын. Отандық іс-тәжірибе негізінде әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылы­ғымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын оқушылар мен ұстаздарымыздың қатары көп болатынына,  жақсы нәтижеге жететінімізге сенімдіміз. Болашақ ол біздің  — ізденіске бай, білімді ұстаздарымыз, еліміздің ғарыштауына үлкен үлесін қосатын бүгінгі оқушыларымыз және Елбасымыздың салиқалы саясаты! Жаңартылған білім – болашағымыздың кепілі!

 

Адилбекова Самал Сарсембаевна,
Павлодар облысы Баянауыл ауданы
Ш. Айманов атындағы жалпы орта
білім беру мектеп-интернатының
биология пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.