А.Б.Карсыбаева
«Өрлеу»БАҰО» АҚ АОБПҚБАИ
«Басқару және білім сапасы» кафедрасының
аға оқытушысы
Жаңартылған бағдарлама бойынша білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда төмендегі дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру барысындағы негізгі міндеттер:
— білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
-сын тұрғысынан ойлау;
-зерттеу жұмысын жүргізу;
-коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдылардыпайдалану;
-топпен және жеке жұмыс жасай білу;
Дәстүрлі білім беру мен салыстырғанда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтатын болсақ, пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі, Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы, бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі, оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастырылуы, оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру,оқушының білім алу үдерісіне белсене қатысуы.Осы ерекшеліктерді жүзеге асыру барысында оқушы алған білімін өмірде қолдана отырып, жахандану жағдайында өз өмірін құра алатын тұлға қалыптастыру басты мақсат болып есептеледі. Жаңартылған бағдарламаның тиімділігі де осында.
Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет.
Қазіргі мұғалім:
- Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
- Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
- Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
- Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
- Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Қазіргі оқушы:
- Дүниетаным қабілеті жоғары;
- Дарынды, өнерпаз;
- Іздемпаз, талапты:
- Өз алдына мақсат қоя білу керек.
Оқыту үрдісіндегі қазіргі қарым-қатынас екі жақты болуы керек. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.
Білімін кәсіби тұрғыда көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық – белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Мұғалімнің кәсіби жетіліп отыруы, педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.
Кәсіби өзгеріс бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сондықтан оның құрылымына әлеуметтік психологиялық, аутопсихологиялық, коммуникативті, педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік жатады. Мұндағы әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік байқампаздық пен өткірлік, яғни, тұлғааралық қарым-қатынаста баға бере алушылық, салыстыра білушілік, талдау мен рефлексиялау нәтижесінде басқаның образын қалыптаструдан түзіледі.
«Ұстаз қандай болса қоғамы сондай» деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда да көкейкесті. Сондықтан да бүгінгі күннің өзекті мәселесі — педагогтердің құзіреттілігін үздіксіз дамыту. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие-білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің жеке технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру — өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзыретті мұғалім мекептің тәрбие-білім беру процесінде шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктерінің іске асуына ықпал жасайды.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі басқару қызметіне стратегиялық және инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерін шешуге қабілеті жеткілікті, жаңа технологияларды игерген, команда құрамында жұмыс істей алатын, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, бір сөзбен айтқанда кәсіби құзіретті ұстаздың қалыптасуын үздіксіз дамытуды қажет етеді.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады». Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде төмендегі қызметтерді жүзеге асырумен анықталады. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілі – бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі-жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл-қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Г.Әтежанова «Психологиялық-педагогикалық құзырлықты қалыптастырудағы жаңа формация мұғалімінің ролі»
- Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. К.С.Құдайбергенова. Алматы 2007.
- Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. «Мұғалімге арналған нұсқаулық», екінші (негізгі) деңгей (үшінші басылым) Астана, 2012 жыл (4-110 б.);
- «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» Н.С.Байжуманова «Білім әлемінде» журналы № 5.