Бүгінгі таңда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына сәйкес ұлтымыздың болашақ азаматтарын рухы биік, адамгершілігі мол, білімді, білікті, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыру – алда тұрған басты міндет екені баршамыз үшін айқын.
2016-2017 оқу жылы 1-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылды. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015ж. сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқып бастады.
Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік берді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын орындау, АКТ қолдану, тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.
Білім беру мазмұнын ізгілендіру, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі, жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Cол себепті ұстаздар әр caбағын сaпалы түрде ұйымдастырып, жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шaрт. Мектепте алған білімін өмірде қолдaна алaтындай етіп caбақ барысын құру, мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті тaлап етеді. Ол үшін әр ұcтаз ең алдымен өз білімін жетілдіру және шәкірттерін тұлғa ретінде тану керек. Шәкірт aлдындa білімің жетік, тәжірибең мол болу қaжет. Әлемдік деңгейде білім берудің қaзіргі талaбы оқытудың нәтижеге бaғдарлануы, оқушының жеке тұлғaсына бaғытталуы, ал оқыту әдіcтерін тұлғалық қaрым-қатынастарға бейімдеу бoлып отыр. Демек, oқушы білімді дaйын күйінде мұғалім түсіндіргенінен aлмай, өзінің өмірлік тәжірибеcіне сүйену арқылы танымдық, шығармaшылық тaпcырмаларды oрындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде oқушы дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен қөзқaрасы қaлыптаcады. Өйткені, жалпы білім беретін мектептер алдағы уақытта ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай еңбек етуі керек. Сондықтан үш тілді оқытуға да кезең-кезеңмен көшу жолдаудада айтылып өтті. Қазақ тілінің басымдылығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам болуы қажет. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек. Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстары кеңінен ұйымдастырылуда. Курсқа мұғалімдер түрлі ой, түрлі көзқарас, көптеген сұрақтармен келеді. Алдымен мұғалімдер негізгі құжаттармен танысады, (оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалауға арналған басшылық). Осы үш құжатты бір-бірімен байланыстыратын нәрсе – оқу мақсаттары. Оны білудің қандай артықшылығы бар? Сабақты жоспарлау кезінде мұғалім осы құжаттарды қолдануы және қай құжаттан нені басшылыққа алатынын анықтай алуды үйренеді. Сондықтан курс барысында осы құжаттармен жұмысқа жиі оралып отыру қарастырылған. Бағдарламаның тағы бір артықшылығы – әр пәннің ерекшелігінің ескерілуі. Сол себепті бағадарламаның оқу-әдістемелік кешенінде бастауыш сыныпта оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер, белсенді оқу, тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдылары, мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, ойлау дағдыларын қалыптастыру, оқытудың маңыздылығы, оқушыларды уәждеу, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі, тиімді кері байланыс ұсыну, критериалды бағалау және жоспарлауға дейін негізгі мәселелер қамтылған. Бұл бағдарламаның ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Бастауыш сынып пәндерін оқыту үшін қажетті жабдықтар, ресурстар мен материалдар: проектор, проекциялық экран және аудиоколонкалар, бейне және аудиоресурстар, компьютерлік бағдарламалармен жасақталған ноутбуктер, интерактивті тақта, үзіліссіз қуат беру көзі, принтер-сканер, MGA (датчиктер көмегімен деректерді тіркейтін аспап), сандық фотоаппарат, таблетка тәрізді батареялар мен тұтқыш. Айтылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әр педагог жетік меңгеріп үнемі қолдана білуі қажет. Дегенмен, жаңашылдық болғаннан кейін қиындықсыз болмайды. Бағдарламаның ерекшелігін тәнті болғанымызбен әттеген-ай дерлік жағдайлар да кездесіп, мұғалім жұмысына кедергі келтіріп жатқан кездер де аз емес. Ол бағдарлама мен оқулықтың сәйкес келмеуі, АКТ-дың кейбір мектептерде қамтылмауы, ауылдық мектептерде жаратылыстану пәні бойынша кабинет қарастырылмаған, тәжірибе жасауға кедергі болуы.
Әрине, жаңа бастаманың қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып, шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай, нәтиже аламыз деп сенеміз.
Әдебиеттер тізімі:
- Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар 2017 ж. http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1700002017
2.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президенті 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы.
3.«Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференциясы. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы
4.Тренерге арналған нұсқаулық. 2016 ж.
Гульфия Бекетовна Алипкалиева,
п.ғ.магистрі, мұғалімнің кәсіби дамуын
психологиялық-педагогикалық қолдау
кафедрасының аға оқытушысы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»
Камбаралиева Индира Талгатовна,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы,
Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы.