Қазақстан Республикасы орта білім мазмұны жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында аудандық оқу бөлімінің ұйымдастыруымен, Алтын ауыл орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдері біліктіліктерін арттыру курсы өтуде.
«Өрлеу» БАҰО АҰ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, өз ісінің шебері, білікті де білгір маман, курс тренері Қарсыбаева Арай Байжанқызы мұғалімдердің барлығын ұйымшылдықпен жұмыс жасауда біріктіріп, өз ортамызда ынтымақтастық ортаны қалыптастыра білуде. Түрлі әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңаша формаларын қолдану арқылы әр күннің сабағын бір-біріне ұқсамайтындай етіп жоспарлаған тренеріміз тыңдаушылардың тапсырмаларды өз бетінше орындап, нәтижеге өздерінің қол жеткізуіне бағыт-бағдар беріп, тыңдаушылардың талмай жұмыс жасауларына жетекшілік жасауда. Курс тыңдаушылары да әр сабаққа зор ықыласпен, аса ұғынушылықпен қатысып, қысқа мерзімді жоспар құрудың хас шебері бола бастады.
Ұстаздар бағдарламамен танысу барысында әр ұстазды ойландыратын ауқымды сұрақтарға жауап алу үшін төмендегі міндеттермен танысуда, атап айтсақ, бағдарламаның құрылымын күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын мақсаттарымен таныса отырып, жаңарту бағдарламасы аясында өз шеберліктерін шыңдауда.
ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбек ету керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жүмыс істей алады. «Оқу инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді. Жаңартылған білім беру курсын мазмұнды ұйымдастырған тренеріміз Қарсыбаева Арай Байжанқызына, аудандық білім бөліміне алғысымыз шексіз.
Қарасай ауданының
бастауыш сынып мұғалімдері:
Закряева Р.Ж,
Нугуманова Г.Б,
Алмисаева Н.К,
Бодыкова Ж.У,
Шотаева К.К
Кыдербаева Б.К,
Баймаханова Ж.А