«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында 2017 жылдың 16 наурыз күні «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәні мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру, білім беру жүйесіне критериалды бағалауды енгізу тұрғысынан кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында өткізілген семинар жұмысына қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушілері және облыстың жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсын өткен бастауыш сынып мұғалімдері критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы және оны енгізудің жолдарымен таныстырып бір-бірімен пікір алмасты. Семинар кезінде аталған жүйенің түйінді идеялары мен кейбір элементтері талқыланды. Семинардың пікір талас бөлімінде қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша жұмыс жасалды, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерінің қатыстылығына тапсырмалардан мысалдар көрсетілді, оқыту нәтижелерін модерация жөнінде түсініктермен бөлісті. Семинар соныңда төмендегі тікелей қатысушыларға Алғыс хаттар мен cертификаттар тапсырылды.