Қазіргі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бастау алды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Еліміз бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарынан көріну басты міндет»- деп, мақсат қойған. Осы мақсатқа жету, яғни өркениетті елдер қатарынан көріну үшін, заман талабына сай білім қажет екені белгілі. Сондықтан еліміз әлемдік үрдістер қатарынан көрінуге бет бұрды.
Осы бағытта жыл сайын жаңа мазмұнды бағдарлама аясында курстар өткізілуде. Сондай курстардың бірі Қостанай қаласында «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық шеберлік орталығы» базасында ұйымдастырылған 17-шілде мен 28-шілде аралығындағы химия пәні бойынша педагог кадрлардың ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы. Бұл курстың ерекшелігі химия пәнінің биылғы оқу жылында 7-сыныпқа 1(бір)- сағат қосылып, жаңа бағдарламамен оқылуында. Бағдарлама ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді жоспарлардан тұратындығы. Жоспарлардың құрылымы мен жасалу жолдарын осы курс барысында оқып үйрендік. Ұзақ мерзімді жоспарда сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) кодталған сандармен берілуі, ал орта мерзімді жоспарда пәндік, тілдік мақсаттар мен пәнге қатысты лексика мен терминология, диалогты/жазылымға қатысты тіркестердің, ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері, мұғалімге арналған ескертпелер және оқу ресурстарының көрсетіліп берілуі мұғалім үшін тиімді бағыт- бағдар. Бұл курста біздің үйренгенімізде және ойға түйгенімізде баршылық. Әсіресе, қысқа мерзімді жоспардың жасалу жолдарын толық түсініп талдадық. Қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі оқу мақсатын сабақ мақсаты арқылы ашу және бағалау критерийі оқушының оқу мақсатына жетуін ашып береді. Оқушыны бағалау қалыптастырушы бағалаумен жүзеге асады. Берілген тапсырма арқылы кері байланыс пен рефлексия жасалады. Ал, ортақ тақырыпқа жиынтық бағалау қойылады. Жалпы сабаққа мақсат қойып белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды және саралау әдістерін жасауды үйрендік. Курс мұғалімдерді жаңаша талпыныс пен тың ізденіске жетеледі. Біздің білімге деген құлшынысымыз бен белсенділігімізді арттырған дәріс беруші тренер Әлмағанбетова Тулесин Шакиржан қызына деген алғысымыз шексіз. Ол «өз уақытын аямайтын, өзгенің уақытын аялайтын» ұстаз екенін көрсете білді. Бізге бар білгенін үйретіп, жақсы бағыт беріп қолдау көрсете білді. Курс барысында әр мектептен келген мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, ой бөлісіп білімдерін шыңдады. Сөзімді қорыта келе айтарым, жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – XXI ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни мұғалімдер алдындағы үлкен міндет ғылым мен техниканың дамуына сәйкес оқушының білімі терең, ойы ұшқыр, ойлауға қабілетті, әлемдік стандарт деңгейінде жұмыс істей алатын, құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Осы тұрғыда мұғалім үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.
Нүрекина Орынкүл Ахметқызы химия пәнінің мұғалімі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, «С.Мәуленов атындағы орта мектебі»КММ-сі