«Өрлеу» «Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» алаңында «Бастауыш мектепте білім беру мазмұнын жаңартудағы тиімді оқу мен оқыту» тақырыбында Республикалық он-лайн семинар кезінде жаңартылған білім беру аясында белсенді онлайн диалогы өтті. Бұл іс шара филиалдың операциялық жоспарына сәйкес және «Өрлеу» БАҰО» АҚ -ның 5-жылдық мерейтойына арналды.
Диалогқа Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстары және Алматы қаласының «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессор-оқытушылар құрамы, Ақмола облысы бойынша білім беру ұйымдарының 12 аудандары және Степногорск пен Көкшетау қалаларының педагог қызметкерлері қатыса алды.
Іс шарадағы пікірталастың негізгі мәселесі болып білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру үдерісіндегі мұғалімнің мәртебесін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған педагогикалық идеяларды іздеу жолдары қарастырылды.
Республикалық семинардың модераторы, филиал директоры Е.Т. Исимбаев білім беру мазмұнын жаңартудың, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «Рухани жаңғыру — болашаққа көзқарас» бағыттарының оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда тиімді оқу мен оқытудың маңыздылығына баса назар аударды.
Семинар бағыттары бойынша 80 ғылыми мақала ұсынылып, пленарлық отырыста 10 баяндама тыңдалып, талқыланды.
Педагогтардың қарым-қатынасы барысында білім мазмұнын жаңарту үшін негіз болатын мұғалімнің кәсіби дамуына байланысты проблемалар анықталды. Білім беру мазмұнын жаңартып отырудың теориялық және практикалық негіздері арқылы «Рухани жанғыру» бағытын іске асыру туралы өз баяндамаларында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ Жаңа технологиялар және жаратылыстану ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Дүйсенбаев А.Қ., Ақмола облысы Білім басқармасы жанындағы Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедрасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі Батанасова Б.А., сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ мұғалімнің кәсіби дамуын психолог-педагогикалық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы педагогика ғылымдарының магистрі Басанова А.С. тоқталып өтті.
Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ филиалының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту кафедрасының аға оқытушысы У.А. Майбасова жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдерге әдістемелік десант арқылы қолдау көрсету қортындыларын ұсынды.
Жаңартылған бағдарламаның негізгі бағыттарын іске асыруда оқу үдерісінде қолданылған әдіс, тәсілдері туралы өздерінің жеке тәжірибелерін ұсынған Ақмола облысы Көкшетау қаласы №13 «ЭКОС» ОМ директорының оынбасары Г.Б. Ибраева мен Бұланды ауданы Макинск қаласының №3 ОМ бастауыш сынып мұғалімі О.В. Щекинаның таныстырылымдары үлкен қызығушылық тудырды. Әрбір спикер, практикалық ұстаз Қазақстан Республикасындағы жаңартылған білім мазмұнын енгізу үдерісі туралы өзінің пікірін білдірді.
Диалогқа қатысушылар пікір алмасулардың жемісті болуын және жоғарыда көрсетілген салаларда жүйелі түрде жұмыс істеу мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Семинардың қорытындысы бойынша орта білім берудің жаңартылған мазмұнын, жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдерге әдіснамалық көмек көрсетуді, білім мазмұнын жаңарту тәжірибесі туралы жарияланымдарды жүйелі түрде таратуды, өзара әрекеттесудің тәжірибе алмасу үшін мұғалімдермен бірге қашық немесе мобильді нысандарын қолдауды талқылау бойынша тұрақты интернет-семинарларға, білім беру порталы, скайп, Whats App, mail.ru агенттері және т.б. ұсыныстар жасалды.
Жамантаева Ж.К., Сагындыкова Г.М.
МКД ППС кафедрасы