Home » Мақалалар » Жаңартылған білім бағдарламасы болашақтың бағдары

Жаңартылған білім бағдарламасы болашақтың бағдары

2017-2018 оқу жылында Жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес орта буын сыныптары да оқи бастады. Жаңа бағдарламаның мектеп оқушыларына бір жағынан қиын болса, екінші жағынан оқыту үрдісі қызықты болды. Бұл бағдарламаның басты міндеттері — бағдарламаның жеті модулін кіріктіру және осы модульдерді қолдана отырып, оқушылардың қалай оқу керектігін үйрету, еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын тұлғаны дамыту болып табылды. Бағдарламаның тиімділігі мұғалім бағыт беруші, ал оқушы берілген тапсырманы іске асырушы болып табылады. Оқушының жан — жақты ізденуінің нәтижесінде білім алуы басты талап болып табылады. Сол себепті сабақтың қызықты, тапсырмаларының  сан алуан болуы шарт. Бұл орайда мұғалімнің атқаратын міндеті де орасан зор деуге болады. Мектеп бағдарламасына енгізілген жаңа білім жүйесінің артақшылықтарымен қоса өзіндік кем тұстарыда бар. Дегенмен ол уақыттың еншісінде деп ойлаймын. «Көш жүре түзеледі» демекші олқы тұстары әр жылы жөнделеді деп ойлаймын.

Білім беруде мұғалімнің басты көмекші құралы ол мектеп оқулықтары мен методикалық оқу құралдары болып табылады. Мен сабақ беретін алтыншы сыныптардың оқулығы  жақсы көркемделіп жасалған, мазмұны жағынан жақсы қызықты жазылған кітап. Оқушылардың оқуына жеңіл, тапсырмалары әр алуан қызықты. Әр тапсырманың аяқ жағында ақпаратты алатын сайттардың сілтемелері жазылған. Тапсырмаларының көбісі логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған. Кітаптағы тапсырмалар оқушылардың талдау, пікір бөлісу, дәлелдеу сияқты қасиеттерін дамытуға көп бағытталған. Дегенмен, бұрынғы оқулықтарда грамматикалық тақырыптарға көп мән беріліп, тапсырмалар соған бағытталса, мында керісінше ойлау, даму жағына көп мән берілген. Сонымен қатар қосымша мұғалімдерге арналған көмекші құралдарда өте жақсы жазылып шығарылған. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар дайын түрінде қолданысқа берілген. Орыс сыныптары үшін сөздік минимумда пайдалануға ұсынылған. Бұл бағдарламаның ең басты ерекшелігі күнтізбелік жоспарда берілген әр тараудан соң оқушылардың жиынтық бағалау  тапсыруында. Яғни оқушы тарау бойынша алған білімін бекітіп, толық түсінуге мүмкіндік алады. Келешекте бұл бағдарламаның аясында берілген білім сапасы болашақ жастардың қоғамда өзін толық қалыптастыра алған тұлға етіп шығуында деп ойлаймын. Сондықтан ұстаздар тарапынанда ізденушілікпен, талмай еңбек ету басты міндет болып табылады. «Ұлт келешегі ұстаздар қолында» — деп тегін айтылмаса керек.

Ибраева Айгүл Токеновна,
Қарағанды облысы, Абай ауданы
«№ 14 мектеп- лицей КММ»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.