Home » Бастауыш » Жаңартылған білім бастауы балабақшада

Жаңартылған білім бастауы балабақшада

Бүгінгі таңда Қазақстанның білім берудегі жүйелі жұмыстар қарқынды дамуда. Бастауы тура, мақсаты айқын міндеттері жоспарлы білім саласында жеткен жетістіктер мен жүйелі жұмыстар аз емес. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында білім саласына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Себебі білімді ұрпақ ел болашағы деп білім саласына басты назар аударып отыр. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында қалалық білім бөлімінің тапсырмасымен мектепке дейінгі мемлекеттік және жеке балабақшалар арасында №7 аймақ құрылып, бекітілген жоспар бойынша жұмыс жүргізілуде. Аймақтың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарымен өзара тәжірибе алмасу арқылы балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды үйрену және меңгеру болып табылады. Осындай бағытталған жоспарлы әдістемелік күн №7 аймақта 2018 жылдың 19 қаңтарында Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Баларман» балабақшасында «Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыруда индикатордың рөлі»; Инклюзивтік білім беру ерекшелігін оқу процесінде көрсету» тақырыбында әдістемелік күн өтті. Әдістемелік күнге арнайы Қызылорда облыстық оқу әдістемелік орталығының директорының орынбасары Г.Б. Диханбаева, әдіскер А.Өткелбаева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетітің педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресей жаратылыстану Академиясының профессоры, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы С.Т. Жарбулова қатысты.

«Баларман» балабақшасының меңгерушісі З.А. Абибуллаева «Жаңартылған білім мазмұнының жүзеге асыруда индикатордың рөлі тақырыбында айтып өтті.
Облыстық оқу орталығының директорының орынбасары Диханбаева Г.Б әдістемелік күнге қатысып 2018 жылдың 10 қаңтардағы Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауының Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерінің 10 басымдыққа тоқталып, жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін жұмылып жұмыс жасау керектігін атап өтті. Елбасының жолдауын жүзеге асыру бағытында тәрбиеленушілерді жаңартылған білім беру мазмұнына сай дені сау, жан-жақты білімді, саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар Г.Б. Дихамбаева қатысушыларға 2017-2018 оқу жылындағы ҚР Мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы «12» тамыз №499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «13» мамырдағы №292 қаулысындағы Қазақстан Ркспубликасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын» басшылыққа ала отырып ізденіс-шығармашылықпен жұмыс жасау керектігін айтты.

Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша баланың даму көрсеткіші туралы «Баларман» балабақшасының педагогтары қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы С.Т. Жарбулова «Инклюзивтік білім беру үдерісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары туралы айтып өтті. Өз сөзінде жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, білімділік және біліктілік дағдыларын үйретудің жағдайын жасау керектігін, балабақшада инклюзивті білім беру үдерісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары және алғы шарттарын айтты.

Сонымен қатар балабақшада инклюзивті білім берудің кәсіби функциясы туралы балабақша психологі Жасағанбергенова, дефектолог-логопед Мырзабекова Гүлнар және балабақша медбикесі Н.Бақытова өздерінің іс-тәжірибесінен осы бағыттағы жұмыстарды айқындап берді. Балабақша тәрбиеленушілерінің туа біткен денсаулығына байланысты ахауларының түзету-дамыту жұмыстарын көрсетті.

«Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу балабақшадан бастау алады» деген қағидамен балабақша қызметкерлері жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде өз міндеттерін абыроймен орындап, күш-жігерлерін аямай еңбек ететіндерін айтты.

 

Чинходжаева Нуркайым,
№31 «Алтын кілт» балабақшасы
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
жоғары санатты тәрбиешісі,
Қызылорда қаласы.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.