Home » Мақалалар » ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ  

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ  

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық педагогикалық технология шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. ХХІ-ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті.  Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарылату үшін басты бағыт-бағдар берілуде. Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарапынан көңіл бөлінуі тиіс. Еліміздің барлық білім ордаларында  білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті қазір жалпы барлық оқу орындарында оқытудың инновациялық технологиялары  қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде оқу орынының оқушыларының белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді. Қазіргі инновациялық озық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Инновациялық (озық) білім беру деп — тұлғаның бағдарлы қөзқарасты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады. Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

— Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

— Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

— Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

— Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

— Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.

Инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық технология. Оқытудың ақпараттық технологиясы-ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар. Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай сабақ берудің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларды және теледидарды, компьютерді, интербелсенді тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп отыр. Жаңа ақпараттық технолгияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жақсаруда. Электрондық оқулық мектеп оқушыларын ақпараттық технологияны кіші жастан меңгеруге көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.

Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші. Әрбір сабақта заманауи технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған. Ал осы уақытқа дейін біздің елімізде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар күтілетін нәтижеге көз жеткізбей, түрлі әсер етуші факторлар ықпалымен мамандық таңдап, ақыр соңында сол оқыған мамандықтары бойынша жұмысқа тартыла алмай отырғаны бәрімізге белгілі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқан көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөліктер мен бағыттарға біріктірілген. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен өрлей түскені жай эссе жазудан әңгіме тіпті повесть жаза алатындай дағдыға ие болып, тілдік дағдылары шыңдала түседі. Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Осы орайда жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімдер сабақта пайдаланатын тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық тәсілдерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша әр мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді:

  • жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;
  • жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;
  • оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен рәсімделуіне;
  • білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді меңгеруге.

Әрбір мұғалім жаңартылған бағдарлама бойынша мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізеді.

Жаңартылған білім мазмұны негізінде оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер: құндылықтарға, тұлғаға, іс-әрекетке бағытталған тәсілдер..саралап оқыту тәсілдері, коммуникативтік тәсілдер, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері және т.б.болып табылады.

Аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсе, ізденушілік қабілеті терең, сыни ойлау белсенділігі жоғары, өз бетінше білім алуға дағдыланған, жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптасып шығатыны сөзсіз.

Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни ұстаз білімді болса, ол мектептен шыққан балалар да білімді де білікті маман болуы әбден мүмкін.

Карсыбаева Арай Байжановна
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы
АОБПҚБАИ
Басқару және білім сапасы кафедрасының
аға оқытушысы, п.ғ.м.
aray.karsybaeva@mail.ru

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2010. 30 қаңтар
  2. Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері // Қазақстан мектебі. – 2013. — №8. — 20 б. 3.
  3. Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері: әдістемелік нұсқаулық. Т.М.Көпжасарова. К.Г.Утешова. Оқытудағы интер белсенді әдіс-тәсілдері.Астана 2016 ж.
  4. Гальскова Н.Д. 2004; — 55б. Теория и практика обучения иностранным языкам. Начальная школа.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.