«…Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»
Н.Ә. Назарбаев
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұғырнамасында айтып өткендей, білімнің салтанат құруы- жалпыға ортақ дүние болып саналады. Тоқырау заманында қатып қалған көне қағидаларды игерген білікті де білімді мамандардың және бүгінгі мектепке келген жас буын мамандардың білімдерін жетілдіру мақсатында заман талабына сай білім нәрімен сусындатып, заманауи жаңаша көзқарастағы, жаңаша оқыту әдіс- тәсілдерін меңгерген мамандарды қайта даярлау курсын өткізіп жатқан «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұстаздар алқасына тыңдаушылар атынан айтар алғысымыз шексіз. Ерекше атап айтсам, кафедраның аға оқытушысы Сабит Жұлдыз Амангелдіқызы орыс тілі және әдебиеті пәндері бойынша 12 наурыздан 7 сәуір аралығында жоспар бойынша 35 мұғалімнен құрылған топқа дәріс беріп, тәжірибемізді толықтыруға зор үлесін қосуда. Жас та болса өз ісінің хас шебері, білімді де білікті оқытушы қазіргі орыс тілі және орыс әдебиеті сабақтарын жоспарлауда уақыт талабына сай топтық, жұптық жұмыстарда мектепте кездесетін мәселелерді шешуге, белсенді бірлескен жұмыстарда мұғалімдер өз тәжірибелері мен идеяларымен бөлісуге мүмкіндік берді. Курстың мақсаты- жаңартылған білім беру бағдарламасына өтіп, жаңа әдістерді, стратегияны қолдану, оқытудың спиральдік моделін, жаңа ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді бағдармаларды жоспарлау, сонымен қатар нәтижелерге жетуді жаңаша бағалау болды. Еліміздің болашағы- бүгінгі жас ұрпаққа білім беруде ұстаздардың еңбегі орасан зор екенін білеміз. Сондықтан әрбір білім беру ошақтарында әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа жүйеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жағдайларды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Елімізде дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында білім берудің жаңа жүйесі құрылуда. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап, міндеттер мектеп мұғалімдеріне де қойылуда. Сондықтан мұғалімнің іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс — тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.
Сонда ғана өзін — өзі дамыта алатын, өзін — өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» — дейді дана халқымыз. Жақсылыққа бастайтын саралы жолда оқытудың жаңа технологиясын тиімді пайдаланып, еліміздің жарқын болашағы- жастарымызға білімнің қайнар көзін тауып, саналы тәрбие беріп, инновациялық әдіс- тәсілдерді меңгере берейік. Бүгінгі күнгі Білім ошағынан алған білімімізбен сауатты да саналы ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесімізді қосып, аянбай еңбек етейік. Тынымсыз еңбек етіп, әдістемелік көмек көрсетіп отырған институттың ұстаздар алқасына, тренеріміз Жұлдыз Амангелдіқызына топтағы барлық ұстаздардың атынан шығармашылық табыс тілейміз.
Тұяқова Алма Қабылдақызы,
№ 65 ЖОББМ- нің мұғалімі