Home » Бастауыш » Жаңартылған бағдарлама — сапалы білім кепілі

Жаңартылған бағдарлама — сапалы білім кепілі

Біз Жаңартылған бағдарлама бойынша Алматы облысы, Қарасай ауданы, Каскелең қаласындағы Қаныш Сатпаев атындағы орта мектепте  Қарсыбаева Арай Байжановнаның жетекшілігімен өткен жаңартылған  білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтудеміз.

Арай Байжановнаның жетекшілігімен жүргізіліп отырған курстағы білімді тәжірбиемізде қолданамыз. «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек демекші, жан жақты, ойын еркін жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаға білім беру міндеті тұр.

Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер еңгізілуде. Жаңару заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту өмірде оны қолдана білуге бағыттау ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені сапалы білім беру мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан барлық курстарда, семинарларда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдері, сыни ойлауды оқу және жазу арқылы дамытудың стратегиялары жобалау әдісі өз пікірін жазбаша рәсімдеу мақала, эссе, коментарий беру және т.б әдіс тәсілдер кеңінен қолданылады.

Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасын өзіне тиімді  және жаңа идеяларды түсініп практика жүзінде қолдана алады. Топтық жұмыстың әр түрлі тиімді әдіс тәсілдерін өз жұмысында пайдаланып жүзеге асыра алады.

Нәтижесінде «Топтастыру», «Ойлан жұптас», «Бөліс», «Миға шабуыл», «Ақпаратты жаңғырту», «Сұрақ жауап», «Стоп сұрақ», стратегияларын тиімді қолдану арқылы тыңдаушылардың білімдерін бекітіп, білім деңгейін күнде бақылап, бағдарламаның түйінді идеясын барлық курс тыңдаушылары санасына сіңіріп, мақсаттарына қол жеткізе алады. Қазіргі таңда дамыған елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс жасауда, себебі қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының білім деңгейімен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі заман талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай инновациялық әдіс тәсілдермен оқытып, ой өрісі кең саналы еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілгі де осы себептен туындап отыр. Білім беру жүйесінін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерде белсенді түрде енгізіле басталуы көңілді қуантады. Жаңартылған білім берудің маңызы оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топтап жұмыс жасай білу. Бағдарламаның ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап критериалдық бағалау жүйесіне өтеді.  «Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп» деп үнді тұлғасы айтқандай, егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса деген ілімін негізге ала отырып оқушы бойындағы қабілетті жетілдеріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім — болашақтың кепілі.

                                                                                                Бастауыш сынып мұғалімдері:

 Иманкулова Элмира

 Ибиниямова Әсемгүл

Калелова Алмагүл

Сисабаева Дария

Якубова Алтынай

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.